Мүмкіндігіңнен мақсатың жоғары тұрсын!(Байқау)

Мүмкіндігіңнен мақсатың жоғары тұрсын!(Байқау)
жеке
блог

 Мен,Ысқақ Арайлым Қайыржанқызы.Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келгенмін.

мееен

Өмірлік  ұстанымым:
                           "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, 
                            Əуре етеді ішіне қулық сақтап. 
                            Өзіңе сен,өзіңді алып шығар, 
                            Еңбегің мен ақылың екі жақтап. "
                                                                                (с)АБАЙ 
Мен  үлгі  тұтатын адам - Лəйлə Сұлтанқызы! Себебі:Лəйлə ханым "Əйел бақыты" бағдарламасының
əр санында өзекті мəселелерді қозғауға тырысады. Сөйлеген сөзі жүректен шығып, мыңдаған жүректерге жетеді. Шынайы!!
Хоббиім көркем əдеби шығармаларды оқу. Босай  қалсам, кітап  оқумен  айналысамын.
Бала  кезден  армандаған асқақ  арманымның  орындалуына  сенемін.Алға  қойған мақсаттарым  да  айқын. "Массагетпен"  мақсатыма жеткім келеді. 
"Массагет"  сайты  шығармашылық жарыстарды жиі ұйымдастырып тұрса деймін, мысалы:шығарма, эссе жазу секілді...
Бұл байқау адам болып қалыптасуыма аз да болсын, септігін тигізеді. Байқау маған уақытымды текке жібермеу мүмкіндігін ұсынды. Бір  үйдің  баласындай  болып  кеткен "Бастау"  тобының  мүшесі  болғаныма  қуаныштымын. Қатысушыларға  сәттілік  тілеймін!