Балауса ақын (Жанкүйерлік блог)

Балауса  ақын (Жанкүйерлік  блог)
жеке
блог

       Қатарымызға  енді  қосылса  да  Мадинаның  қарқыны  жаман емес.

       " Ұлан"  газеті  арқылы  Мадинаның  жауһар  жырларымен  көптен  таныспын. Батыр  ағасына  қарап   бой  түзеген балауса  ақынның  өзіндік жолы  бар.Поэзия  төрінен  орын алған Фариза,Ақұштап  апаларының  жолын  берсін  демекпін. Мадинаның  көздеген  межесіне  жететініне  сенемін  һәм  асып   түседі! Өлең қыздың  өлеңін өздеріңізге  ұсынамын. Мадинам, жаза түс!

 

 Тау болғым келді...
Тағдырым бе екен, жан аға,
Арыма-жаным садаға!

БАТЫР


..Аға,бұл қыздың босаң кейпіне қарама,
Балапан арман етеді қыран күндерін.
Төсіне басып,мəпелер ме екен тау-ана
Тағдыры ма екен ауырлау тартқан күрделі?

Өзі ме əлде барына тұсау салатын, 
Бағына бітіп кетер ме бəлкім өлеңі?
Шабыттың жатыр жамылып кейпін қара түн,
Жуытқып шауып, тұлпардай аппақ берені.

Тау болғым келді...
Келеді əлі.
Асқақ тым
Арманның мені алдауға дəті бара ма?!
Басына түссе бақыр пенде де баспақшыл,
Тағдырдың желі маған соқпайды ə,
...Жан аға?!

Мадина Оқас

Өлллееең