"Есеп беру" немесе "Менің Бурабайдағы демалысым"

"Есеп беру" немесе "Менің Бурабайдағы демалысым"
жеке
блог

Уақыт зулап өтіп жатыр. Көзді ашып жұмғанша жазғы демалыстың бел ортасы да жетіп қалыпты. Оңтүстіктегі шымкенттік қыздың демалысы Астанада өтіп жатыр. Менің мұнда өткізген бесінші демалысым да есте қаларлықтай әсерлі. Бір қызығы, Астананың ауа райы мен менің мінезім ұқсас. Себебі - екеуі де сан құбылып, мың өзгеріп тұрады. Сондықтан да оны жақсы көретін шығармын. Ақниет неге блогты сирек жазады десеңіздер, қолым босамай жатыр. Неден дейсіз бе? Демалыстан ғой :) Білемін, білемін. Сіздерді әңгімеге айналдырып әкеттім бе? Ендеше апталық есебімді де бере отырайын.

Бірінші жоспар бойынша қазақстан тарихы пәнінен шолулар жасау керек болатын. Бұл жоспар бойынша меңгерген тақырыптарым - алғашқы адамдардың пайда болуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы және палеолит, мезолит, неолит, энеолит. 

Әлгінде айттым емес пе, демалыстан қолым босамады деп? Иә, сонымен 7-8 шілде күндері Астанадан Көкшетауға қарай жол тарттым. Бәлкім, жол тарттық деген дұрыс шығар. Жалғастың жоспары бойынша Зеренді елді мекеніне қарай бастық. Жалғас - жездемнің досы ғой. Өзі сондай ақкөңіл, аңқылдаған, әңгімені де қызық айтады. Жол қысқартайық деп, аузымыз көпіріп сөйлемесек те, аздап әңгіменің қазанын қайнаттық. Бірақ Зерендіге барғанмен баяғы жоспардың күл талқаны шығып, әуре-сарсаңға түсіп, жарты күнімізді жолда өткізіп алдық. Ақыры, болмаған соң Бурабайға қайтып, бір жерге орналастық. Қызықтың бәрі сонда басталды. Орманға бардық. Біраз таныс жерлерді еске түсіріп мен жүрдім. Мұнда екінші рет болуым ғой. Жездем кәуәп пісіріп, әпкем, Нұрым, мен - үшеуіміз дастарқан дайындап жүрдік. Нұрым кім? Міне, осыған тоқталсақ, Нұрым - Жалғастың кездесіп жүрген аруы. Ағылшынша айтар болсам, Nurym is girlfriend Zhalgas's. 

Түн салқын болды. Суық десем де дұрыс шығар. Жұқа киіммен жүрген мен тоңғаным сонша, Астанаға қайтып кеткім келді. Ертеңіне Нұрым бір себептермен Астанаға кетті. Біз, Жалғас, Наурызбек, әпкем және жездем балалармен және мен, тауға шықтық. Өте қызық болды. Содан соң түскі ас дайындап, түстеніп алдық. Ал кейін көлге бардық. Енді Наурыз туралы айтсам, ол туралы көп білмейді екенмін. Мен оны бірінші рет көруім. Әйтсе де, түрі таныс сияқты болды. Мүмкін, біреуге ұқсаттым. Жобалауым бойынша, ол - Жалғастың досы. Онша көп сөйлемейді. Бірақ Жалғас әңгіме айтса, қосылып отырады. Солай кешкісін Астанаға оралдық. Небәрі екі күн болса да мен оларға бауыр басып қалыппын. Үйге жеткенде олармен қимай-қимай қоштастым. Олармен бірге уақыт қызықты өтті. Бұл демалыстан керемет әсер алдым. Барлығы үшін бәріне рақмет. Өмірімдегі ең қызықты сәттер қатары тағы да толысты.