Жаңа мәзір (Арнайы тапсырма)
жеке
блог

Жаңа мәзір (Арнайы тапсырма)

 Сәлеметсіздер ме, Массагеттің оқырмандары.

Соңғы арнайы тапсырманы орындайтын уақытта келіп жетті. Уақыт зымырап өте шықты. Осы апталар ішінде үйренгенім көп болды. Әлі де үйренетінім көп.     Рақмет саған "МАССАГЕТ".

Бұл мәзірді ойлап жүргеніме көп болды. Өзгеше тағам түрін жасау үшін барымды салған болатынмын. Осы жаңа мәзірім мені жерге қаратпай, мақтаудың астына қалдырды. Жақындарыма ұнағаны соншалық, қайтадан жасауымды тағатсыздана күтіп жүр.
     
        "Дәмді шарлар"
сера
Тауық еті - 400 г
Сүзбе - 200 г
Тұз
Қара бұрыш
Ірімшік (ұсақ үгітілген) - 2 ас қасық
Өсімдік майы (шарларды дөңгелетуге)
 Соусқа:
Кәді (үгітілген) - 1,5 стақан
Жылы сүт
Ірімшік (үгітілген) - 4 ас қасық
Тұз
Қара бұрыш
Өсімдік майы - 1,5 стақан
             
  ДАЙЫНДАЛУЫ:

 Ет тартқыштан сүзбені, ірімшікті, тауық етін өткіземіз. Дәмін келтіріп, дәмдеуіштерді қосамыз.
бурфи

 Тәрелкені майлап, фаршты жақсылап араластырамыз. Қолыңызды майлап, фаршты дөңгелектеп, ыдысқа саламыз. Соус дайын болғанша, дайын болған шарларды тоңазытқышқа саламыз.

бурфи

 Соустың дайындалуы: Ыдысқа пиязбен майды салып, микротолқынды пешке 1 минут 40 секундқа қоямыз.
бурфи Кәдіні қосып, 2 минутқа қоямыз. Содан соң, сүт құйып 2 минутқа қайтадан қоямыз.
бурфи
 Дайын болған соң, 2 минут микротолқынды пешті ашпай, кұте тұрамыз. Межелі уақыт өткен соң, дәмдеуіштерді қосып, блендер көмегімен араластырамыз.
бурфи
 Ыдысыңызды дайындап, шарларды салыңыз. Содан соң, дайын болған соусты үстіне құямыз.
бурфи
 Пешті 200 градусқа қойып, 25 минут пісіреміз. Бетіне ірімшік сеуіп, тағыда 15 минутқа пешке қоямыз.
бурфи
 Ыстықтай күйінде жақындарыңызға ұсыныңыз. Тағамның дәмділігімен қатар, келбетіде тамаша. Жасап көріп, бағасын беріңіздер.
бурфи