Керемет идеялар қашан туады?

Керемет идеялар қашан туады?

Бір күні өнімді еңбек етесіз, ал келесі күні тоқырауға ұшырап жатасыз. Мұндай жағдай жиі болып тұра ма? Ойлап көріңізші, басыңызға керемет идеялар келетін уақытты анықтасақ қандай тамаша болар еді? Бұл сұраққа тікелей жауап бере салу қиын. Бірақ ғалымдардың осы салада зерттеген бірнеше теориясы бар екенін білесіз бе? Білмесеңіз, бұл материал дәл сіз үшін.

Таңертең жұмыс өнімді болады.

Бірақ бұл сөзімізге қарсы шығып, керісінше, кешке немесе түннің бір уағында жақсы жұмыс істеймін деуіңіз мүмкін. Бұған қатысты талай даулы мәселелер көтерілген екен. Бірақ нақты ғылыми зерттеулерге кезек берейік.

Күш-қуат пен жігердің мөлшері бар. Және ол таусылып қалуы мүмкін.

Ешқандай да зерттеудің көмегінсіз өзіміз де жұмысқа деген қабілетіміз артып, ал уақыт өте келе таусылып қалатынын білеміз.

Ғалымдардың зерттеуі былай екен: зерттеуге қатысушылар екі топқа бөлінеді, кейін оларға тапсырма беріледі. Адамдар белгілі бір мәселені шешуі керек болған. Ал бұған дейін бірінші топ мына төмендегідей мәтіндегі сөздердің түсін оның мазмұнына қарамай аз ғана уақытта белгілеп шығуы керек болған.

Нәтижесінде түстерді анықтаумен айналысқан топ екінші топқа қарағанда тапсырманы толықтай орындай алмаған. Бұдан кейін ғалымдар осы тектес тәжірибелерді бірнеше мәрте жасап көрген. Сол тәжірибелердің барлығында да алғашқы нәтиже бой көрсетіп келген: екі жаттығуды бірдей орындаған адамдарда күш-жігер таусылған. Бір қызығы, қатысушылар физикалық күшті талап етпейтін тапсырма орындаса да, кейінгі жаттығуларда нашар нәтиже көрсеткен.   

Сонымен, шығармашылықта немесе қарапайым жұмыста өнімділікті қалай арттыру керек? Жұмысқа кіріспей тұрып одан бетіңіз қайтып, қолыңыздан келмейтіндей болса бірден демалу керек. Ал ең дұрысы таңғы уақытта, күш-жігеріңіз толысып, миыңыз жұмысқа қабілетті болып тұрса, нәтиже жақсы болуы мүмкін де, ал кешкі уақытта бұл нәтижеге қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін.

Ал егер шығармашылық пен сараптамалық жұмысты қатар жасағыңыз келсе, әуелгісін таңғы уақытта, ал кейінгісін түстен кейінгі мезгілде орындағаныңыз дұрыс.

Ғалымдар зерттеу барысында адамдардың миын бақылаған екен. Таңғы уақытта мида нейрондық байланыстар артыпты, бұл дегеніңіз шығармашылыққа деген мидың толықтай дайын екенін көрсетеді.

Мәселе осылай шешіле салды деп ойласаңыз, қателесесіз, себебі бұған қарсы да ғылыми теориялар бар.

Үздік идеялар шаршаған сәтте келеді

Кейбір адамдар таңғы уақытта үздік нәтиже көрсете алмайды. Марейка Виеса мен Роза Закс есімді мамандар жүргізген зерттеуде адамдардың қажып, шаршаған сәтте үздік идеяларды тудыратыны анықталған. Бұл зерттеуге қатысқан ерікті қатысушылар жұмыс өнімділігінің деңгейі бойынша екіге бөлінген. Бір топ таңғы уақытта жұмыс істей алатын болса, екінші топ кешкі уақытта нәтиже көрсете білетінін дәлелдеген. Бұдан әр адамның өзіндік идея тудыру уақыты болатынын көреміз.

Белгілі екі жазушыны алып көрейік: Чарльз Диккенс пен Роберт Фрост. Чарльз өзі туралы деректі жазбаларында түскі 14.00-ге дейін ғана жазумен айналысқанын айтыпты. Роберт болса, 14.00-ден бастап, түнгі уақыттарға дейін өнімді еңбек ете алатынын атап өтіпті. Бізге бұдан белгілі болатыны идеяның арнайы бір уақытта туатыны. Осы орайда жұмыс өнімділігінің дәл уақытын әр күні белгілі бір уақытта болатынын баса айтуға болады. Тек өзіңізге ыңғайлы уақытты іздеп, тауып алсаңыз болғаны.

Өзіңізге ыңғайлы уақыт тауып алыңыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: coolbusinessideas.info

A. Mustafina