Абай деген – терең теңіз, алып мұхит

Абай деген – терең теңіз, алып  мұхит
жеке
блог

       «Абай деген – терең теңіз, алып  мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».

                                                                                            Мұхтар Әуезов77

       Осынау Алаш жазушысы, өмірінің  көп бөлігін Абайды зерттеуге арнаған, біздің кез келгенімізге қарағанда Абайды жақсы білетін Мұхтар Әуезовтың өзі, «терең теңіз, алып мұхиттың» бетін ғана қалқыса, сіз және біз сол теңіздің қай жеріндеміз?

       Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған өсиеттері, ақыл кеңестері баға жетпес мұра. Әрбір қара сөзінің өзінде бірнеше мәселені көтеріп және шешімін бағдарлай білген.  Терең ойшылдығымен алысты болжай білген жан.87

        Маған Абайдың жиырма бесінші қара сөзі ерекше ұнайды. Кейде бүгінгінің кейбір жандарын көріп, жоғарыдағы қара сөзді еске аламын. Абай жиырма бесінші қара сөзінде:           

«Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр.»  

«Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» - деген екен. Жалпақ тілде айтқанда, барлығын орыстан көріп, орыстың тілін, мәдениетін, ғылымын жек көру ақымақтық. Түсіне білген жанға өткен оқиғалардың барлығы саясаттың ісі.

     Орыс тілін білген жан  бағалы қазынаны тапқан адаммен тең. Кез келген тілді жек көруге болмайды. Оны құрмет тұту қажет. Осы жерде Абайдың тағы бір сөзі еске түседі:

                                        «Өзге тілдің бәрін біл.

                                         Өз тіліңді құрметте!»44

P.S. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м) шықты. Ендігі Абайдың 170 жылдығында мен де мақсатқа бастар Тәңір шыңын  бағындыратыныма сенемін!