Беттегі қара дақтардан мәңгіге құтылыңыз...(байқау)
жеке
блог

Беттегі қара дақтардан мәңгіге құтылыңыз...(байқау)

Сәлем, Массагет халқы! Мен сіздерге бет терісіне арналған маска жайлы айтпақпын. Безеудің орнында қалатын қара дақтар тек қыздарда ғана емес, ер адамдарда да кездеседі. Қара дақтар көбінесе мұрынның айналасында болады. Міне, бүгін сіздерге жылдам дайындалатын, аса көп зат қажет етпейтін маска түрін айтпақпын. 

1. Лимон (жартысы)

2. Бал (бір шай қасық)

Жарты лимонды алып, арнайы ыдысқа сөлін шығарамыз( лимон тоңазытқыштан алынған болуы керек). Лимонның сөліне балымызды қосып біркелкі араластырамыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге арнайы бет күтіміне арналған мақтамен жағыңыз (маска біткенше жағу керек, қара дақтың үстіне ғана). Шамамен, 5 минуттан кейін бетіңізді суық сумен ғана жақсылап жуыңыз. Бірінші рет жасаған кездің өзінде, бетіңіздегі қара дақтардың жоғала бастағанын сезесіз. Және осы әдіс қолданылған аймаққа безеу көп шықпайды. Қара дақтар жоғалғанша жасайсыз. Кеңесім пайдаларыңызға жарасын!