Мақсатыма жеткендеймін (байқау)
жеке
блог

Мақсатыма жеткендеймін (байқау)

Сәлем, менің массагеттік достарым! Мен бұл блогымда өзімнің мамандығыма, мақсатыма тікелей байланысты актерлер мен әншілер жайлы айтқым келеді.

Осыдан біра уақыт бұрын мен алдыма қойған мақсатымның актриса болу екенін айтып кеткен болатынмын. Сол себептен актерлер мен әншілер жайлы айтсам деймін. Сіздер актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалды ағамызды танитын боларсыздар. Сол кісі Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Қорағаты ауылынан шыққан біздің ауылдың тумасы. 1996 жылғы түлектер алтын ұямен қоштасқан уақытта Азамат секілді ағаларымызға, яғни 1977 жылғы түлектерге 20 жыл толған болатын. Осы 20 жылдықта Азамат аға өзіне үлкен бір міндетті мойнына алды. Ол міндет актер мен әншілерді ауылға әкеліп елді қуанту мақсатында концерт қою болатын. Азамат аға осы актер, әншілерді әкелемін деп уәде беріп, міндетін орындады. Өнер жолындағы кісілерді ауылға алып келіп, елді қуантып, халықты бір риза қылып кетті. Ол кісілерді келеді деп естігенде қатты күтумен болдық. Қашан 24-і болады деп күттік. Сол күн келіп жеткенде жүрегіміз жарылып кетердей болды. Әнші, актерлер ауылға келгенде өз көзімізбен көріп, суретке де түсіп жаттық. Келген әнші, актерлерді айтатын болсам: Айгүл Иманбаева (актриса,әнші), Аян Өтепберген (актер), Асылхан Төлепов (актер), Индира Расылхан (әнші), Әсет Әбуов(әнші), Назгүл Қарабалин (актриса), Алашұлы тобы (әнші), Азамат Сатыбалды (актер) және де т.б. Және де менің бір қатты қуанғаным менің пір тұтатын, еліктейтін адамымның келгені болды. Барлық өнер жолындағы әпке-ағаларымыз мен үшін өте көңілді, ақкөңіл, қарапайым, тамаша жандар. Әншілер әндерін айтып халықты жадыратты. Ал актерлер не істеді деп ойлап қалған шығарсыздар. Ол кісілердің де ән айтатын өнерлері бар екен. Әнші, актерлерге және де Азамат ағаға көп рахмет айтқым келеді. Өнер жолындағы адамдардың бізді ауылды елеп келгендеріне рахмет. Әрқашанда осылай халықты қуанта беріңіздер. Азамат ағаға ризамын!

Аян Өтепбергеновпен бірге

Назгүл Қарабалинмен бірге

Алашұлы тобының мүшесі Әзімбек Байлин

Асылхан Төлеповмен бірге