«Бұл дүниеде сөздің құдіретіндей құдірет жоқ» (байқау)
жеке
блог

«Бұл дүниеде сөздің құдіретіндей құдірет жоқ» (байқау)

Расында да солай ғой, бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғы түнекке сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен кеселді жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады. Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған.Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай–төкпей бүгінгі күнге жеткізген. Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы: тарихын,өнерін,жырларын бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз еді.

Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен бұл сөздер бабаларымыздың аманаты еді. Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу,орнымен сөйлеу,сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс. Менің ендігі мақсатым қарапайым сөзден нағыз асыл туынды жасайтын 5 үздік ақынды таңдап оның жырларын оқу.

Сөз-ол қару, сөз-саясат,сөз-ел, сөз-құдірет деп бағалап аялайық.Сөздің дұрыс қолданылуына сөз болашағын өсіруге күш салайық.Сөз - ол біздің болашағымыз екені айдан анық. Сөз құдіреті дегеніміз - тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз,қиялға әсер етіп,сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суретттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін мағыналы,түйінді сөз дегім келеді. Сөздің  құдіреті-дегеніміз осы.