Талай дертке дауа болған - Ақтас. (байқау)

Талай дертке дауа болған - Ақтас. (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, Массагет порталының оқырмандары! Менің алдынғы блогымда айтқандай менің екінші мақсатым псориаз ауруына ем табу еді. Сол мақсатқа жету жолында біраз тер төгіп, ізденудің арқасында псориазды емдейтін жер таптым. Бірақ менің қолымнан псориазды толық емдеу келмеді. Тек қана псориазды емдейтін жерді табумен ғана шектелдім, бірақ болашақта үлкен зертханаларда жұмыс істей отырып осы мақсатыма жету жоспарымда бар.Ақтас

Қазақтың дархандай кең даласында киелі жерлер өте көп. Солардың бірі Ақтас әулие. Оңтүстік Қазақстан өңірінің Созақ ауданында орналасқан бұл киелі жерге көп адамдар дертіне дауа іздеп келеді екен. Нақтырақ айтар болсам Ақтас әулиеде бұлақтар бар ол бұлақтар ана бұлақ, ата бұлақ, бала бұлақ болып үшке бөлінеді екен. Осы бұлақтарға түсіп 15 минуттай жатады екенсің, емдеу мерзімі ауруың жазылғанша екен. Мен осы бұлақта емделіп келген, бұрын псориазбен ауырған адамды көрдім, аурудың ізіде қалмаған. Бұл да бір Алланың құдіретіғой деп ойлаймын. Бұл бұлақты көптеген ғалымдар зерттеп көрген екен. Бұл бұлақ  тері ауруларының көптеген түрлеріне ем (псориаз, экзема, ветилиго). Бұлаққа иммунитетін көтеру үшінде келетіндердің қарасы көп.  Бұл блогты жазған себебім сіздерге бір пайдасы тиер деген оймен жаздым. Бұл жерде тек тері аурулары емес, басқа көптеген ауруларға ем бола алады екен. Барып емделіп қайтсаңыздар болады. Толық мәліметті ғаламтордан таба аласыздар.

Ақтас