Қазақстан тарихы – дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі (Байқау)
жеке
блог

Қазақстан тарихы – дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі (Байқау)

           Сәлем, менің Массагеттік достарым!           

           Тарих пәнін ҰБТ үшін ғана қолға алып, оқып жатқан оқушылар біздің арамызда жетерлік. Бұл – үлкен қателік. Себебі болашақта тарихта болған оқиғаларды жете түсінбей, даталарды ғана білетін ұрпақтың қалыптасу қауіпі бар. Сондықтан, мен бір тақырыпты оқысам, сол туралы мәліметтерді ғаламтор, газет-журнал немесе энциклопедия беттерінен жазып, жаттап отырамын.

сақ

        Бұл жолы тарихтан ойып тұрып орын алатын тақырып - сақтар жөнінде оқығандарымды қайталап жатырмын.сақ2

сақ3

                  Ендеше, сіздер де еске түсіріп, бір оқып шығыңыздар!  

саққ

            Негізінен, сақтарды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» , «сақа» деп атап, «сақ» атауы  осыдан шықса керек.

            Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Сақ одақтарына массагет, яксарт, исседон, дай, астақ, қамақ, алан, сармат, кемер сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен

          -парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

          -хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

          -тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер;

           Тарихты оқып білу не үшін қажет?

           «Өз тарихымызды, өзғе халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет» - деп оқулықта нақты жазылыпты. Иә, енднше өз тарихымызды оқуды қазірден бастайық!

          Қалай ойлайсыз, егер тарих болмаса біз өзгеше өмір сүрер ме едік?