Жайлау – елдің еншісі бөліспеген
жеке
блог

Жайлау – елдің еншісі бөліспеген

Сүйсінген жанға ләззат бар табатын.
Отырмын көріп жайлау салтанатын.
Қасымда бетегені күрт-күрт үзіп,
Шылбырын жұлқып қолдан тартады атым.

Еншісі жайлау елдің бөліспеген,
Жетеді онда суат, өріс деген.
Күлімдеп бір танысым келеді әне,

Қалада көрші тұрып көріспеген. - деп Оразақын Асқар ағамыздың басынан өткерген мына бір жайлаудағы сезімін мен іңгәләп дүние есігін ашқан сәттен сезініп келемін. Иә мен даланың қызымын бала күнімнен ескен желден ерекше ән тыңдаған,күн мен таласа оянып,таң шапағын тамашалауға асыққан,көкжиекке ұзақ көз тастап арман жетегінде қанатсыз қалықтайтын, түн болса жұлдыз санап, барлық әлемді ойша ғана құшағына сидырып ап ұйқыға кететін арумын. Атқа мініп, мал айдағанға мәз болып үйге келетінмін. Жалпы жайлаудағы ең абыройлы істердің бірі - қой бағу, сиыр сауу. Есейе келе аса бір қызығушылықпен үйреніп алғанмын бұл лауазымды қызметтерді. Ех қайран балалық, қолыңнан келмесе де бір нәрсе жасап үйдің үлкендерінен жылы сөз естуге тырысатынбыз... Өсе келе еріншектікке әбден үйреніп алғанбыз.Жаз басталысымен әкем еңбек лагері деп әкеліп тастаушы еді бұрындары. Ал қәзір бұл жаққа да ат ізін сирек салатын болып жүрміз. Оған себеп сол ата-анамның жұмысы, біздің оқу, Әйтеуір үйтіп-бүйтіп күні кеше ғана жол түсіп жайлауда болып сағынышымызды басып, ескірмейтін естеліктерді еске алып, біраз күліп алдық. Артынша қарбалас тірлікке бойлап кеттік, бізге бұрынғыдай атпен мал жинау сынды жұмыстар бұйырмады, есесіне үй ақтау жуу тазалау тапсырылды. Ал қалғандары әдеттегіше азанда тұрып ошақ жағудан басталып, ораза ашу,сиыр сауу,малды өріске айдау, мал суару т.б сияқты жұмыстарды өзара бөлісіп жасады. Тамақ әзірлеуде менің мойныма жүктелді. Жұмыс көп болса да жан жақтағы тосын жағдайларды көзден таса қалдырмай аңдып отыратыным тағы бар. Соның бірі ақылды мақұлық итқұстың (Қасқырдың) шабуылы.

Даладағы қызық сол түнімен қайта келуін күтіп,ит қосып ұйықтамастан аңдып отырдық ,келуін келді бәріміз көргенімізге мәзбіз қақпанға түсірмесекте.Осылай екі күн өте шықты. Соңғы күні атқа мініп фотоға түсіп бір демалып қайттық.

 

Айтпақшы бәрімізде қалада өзімізді өзіміз құртып технологияға бағынышты болып жүр екенбіз ғой,ал жайлауда бәрі табиғи тіпті телефон, теледидарға уақыт таппайсың  таусылмайтын жұмыс, бірақ шаршамайсың, керісінше еркін тыныстап жақсы демаласың бәріңізді Жайлауға шақырамын, себебі Жайлау елдің еншісі бөліспеген... Мен қалалық емес далалық боп туғаныма мақтанамын

P.S."Жақсы көргенін айтады, Жаман жегенін айтады"-дейді ғой дана халқымыз, сондықтан енді жайлаудың табиғи тағамдарын айтпай-ақ қояйын.