Мұзды ерітер Мұзбалақ!

Мұзды ерітер Мұзбалақ!
жеке
блог

  Армысыздар алқалы жұрт көз көрген,

Сіздермен міне Мұзбалақ,

Олжасын тура көздеген.

Ғажапты бізден табасыз

Жылдар бойы іздеген,

Сонымен таныс болыңыз

"Қария" болған бізбенен:

 

 Мұзбалағым – екі қанат, бір жүрек,

Бұл серілер талай істі бітірмек.

Алдымызға түрлі мақсат қойдық біз,

Сол мақсатқа жету керек тезірек.

 

Аяжандай қызымыз бар біздердің

Оны көріп, гүлден ләззат іздедім.

Ал Жадыра жеті тағам әзірлеп,

Сол тағамнан дәм татуды көздедім.

 

Мәлігімнің дәрі жасау әдеті,

Осы ісінің бар болар бір кәдесі.

Ақеркеміз жаңа бұйым жасамақ,

Арта берсін жасампаздық қасиеті!

 

Және бір аруымыз – Лунара,

Ойы-жүйрік, қараңыз сіз тамсана.

Жұлдызайдай данамыз бар, ол-дара,

Мақсаты оның – ұлы журналистика.

 

Ербол аға – асқар тауым, наркескен,

Байқасаңыз, айдарынан жел ескен.

Мұзбалақтың дүрсілдеген жүрегі

Нағыз тұлға екендігін көрсеткен!

 

Аталмаған Мұзбалақтың тағы бір мүшесі бар емес пе еді?!

Иә қателеспедіңіз ол – мен. Ақиқатын айтсам, өзім жайлы қанша жазуға талпынсам да жаза алмадым. Өзімді айтуға намыс шіркін батпады. Мені қазақтың біртуар айтыскері, жыр сүрейі – Сүйінбай атам қысқа үзіндісімен сипаттай қойсын:

 

...Одан әрі барғанда,

Қазақты жиып алғанда,

Тоқсан баулы Қоңыраттан

Әңгімені қозғасам,

Жүре алмассың жалғанда...

Немесе мені жазуды басқа Мұзбалақшылар қатырады деген ойдамын))))