Жапониядан тараған теңдесіз өнер (Байқау)

Жапониядан тараған теңдесіз өнер (Байқау)
жеке
блог

Сәлем, менің Массагеттік достарым!

         Кешеден бастап оригами әдісі арқылы аққу жасауды бастадым. Ең бастысы бұл өнердің уақыт пен төзімділікті аса қажет ететіндігін ұғындым. Мен бұны байқауға қатыспай-ақ жасайтын болсам, баяғыда-ақ бітірмей, орта жолдан тастап кетуші едім. Себебі, екі жыл бұрын біреуін бастағанмын, кейін ол бітпек түгелі қайда қалғанын да білмейді екем. Ал, оригамиді игеруді осы байқауға мақсат етіп алғандықтан, түбегейлі бітіру керек. Бастаған істі орта жолда тастамау керек екендігін ұғып жатқандаймын.

       Жалпы сіз оригами жөнінде білесіз бе?

       Оригами – қағаз пластикасының  (икемділігінің) өнері. Қағаздың өзінің Қытайда пайда болғанына қарамастан, Жапонияда қағаздан тамаша әдемі фигураларды істеуді ойлап тапты. Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 – 1185ж.ж.) бастап қолданылып келеді. Бұл заманда қағазды  қолдан жасаса да, кейін оригамидің құнды және әсем материалдары қатарында болды, ерекше жағдайларда, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. Жапон тілінде «ори» - «қағаз» және «ками» - «құдай» деген мағынаны білдіреді.

оригами

         Оригамидың пайдасы:

-      Адамның ойлау логикасы дамып, шығармашылыққа бейімделеді;

-      Байқағыштық қабілеті артып, миы дамиды;

-      Төзімділік пен тиянақтылыққа үйренеді т.б;

        Оригами қарпайым және модульді деп екіге бөлінеді. Модульді оригами ең танымал түрі. Мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. Мен де аққуымды дәл осы әдіспен жасап жатырмын. Бұл мен жасағалы жатқан аққудың ең төменгі бөлігі. 5 сағатқа жуық жасалған мұның өзіне 153 үшбұрыш кетті. Аққудың жалпы сұлбасына 1048 ақ және 522 қызыл түсті үшбұрыш бөлшектер керек екен. 

оригами

Үшбұрыш бөлшектерді жасауды мына суреттен үйрене аласыздар:

оригами

                                               

                                                                                   О.Бөкей «Өз отыңды өшірме!»кітап

        «Қолыңа кездейсоқ түскен жақсы кітап – өміріңді түбегейлі өзгертуі мүмкін» деген екен француз жазушысы Марсель Прево. Сондықтан кітап оқудың еш артықтығы жоқ.  Мақсаттарымның тізіміне О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме!» атты кітабын оқуды қосқан болатынмын. Байқасаңыз, тақырыбының өзі адамды жігерлендіріп тұрады. «Рачок-сырнайшы» деген лақап аты бар, әйелі екеуіне арнап мола тұрғызғалы жүрген, қырық жыл бойы поездың қауіпсіздігін сақтап, обходчик болып жұмыс істеген, Құландыдағы Дархан деген қария жөнінде жазылғаны көрініп-ақ тұр. Арғы жағы маған да жұмбақ.

Әзірге осы ғана, оқып-түйгенімнің бәрін келесі бологымда жариялайтын боламын.