Мен халқымды емдеу үшін не істеп жатырмын? (байқау)

Мен халқымды емдеу үшін не істеп жатырмын? (байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздерме! Екінші блогымда мақсатым жайлы өздеріңізбен бөлісіп, мақсатыма жету жолындағы жорығымды тездетіп бастауды жөн көрдім. Алдынғы блогымда айтып өткендей менің бірінші мақсатым Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажының “Мен-емшімін” атты кітабын оқу еді. Ал енді осы кітап жайлы айтар болсам:

Кітаптың бірінші тарауы Юлдаш әлі атамыздың балалық шағы туралы екен. “Әке-шешем мені бес жасымнан бастап дәрілік шөптер теруге далаға ертіп шыға бастады. Шілденің ми қайнатар шыжыған ыстығында бар болғаны бес жасар баласын қай ата-ана дала кезуге өздерімен бірге алып шығады? Бірақ ата кәсіпке адалдық, оған түбегейлі жан-тәнімен берілдіру, тәуіптіктің дәмін ана сүті ауыздан кетпей тұрып татқызу – біздің әулиеттің басты мұраты. Ендеше, менің ата-анам да іштен шыққан нәрестені аяп, маңдайына күн тигізбей мәпелеп өсіруге қақысы жоқ еді. Сөйтіп, менің балалық шағым ауыл балдарымен бірге асық ойнап, доп қумай, қар көбесі сөгіліп, жауқазындар бас жарғаннан бастап, күн ызғары білініп, жерге алғаш қар жауғанға дейін далада дәрілік шөп терумен өтті. Ал қыста жаз бойы терген шөптен әке-шешеме дәрі жасауға көмектесетінмін”.

Осы үзіндіден байқаған боларсыздар: Юлдаш әлі атамыз емшілік жолындағы алғаш қадамын бес жасында бастаған. Юлдаш әлі атамыздың ұрпағында емшілік қасиет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын болған. Юлдаш әлінің арғы аталарыда емші болған екен. Бұл кітаптың бірінші тарауы болатын. Келесі блогымда Юлдаш әлі атамыздың диагноз қоюдағы ерекше қасиеттері туралы айтатын боламын, күтіңіздер...Ақсу