Уақыт әлі жетерлік, тек алға қарай ұмтыл! (Байқау)

Уақыт әлі жетерлік, тек алға қарай ұмтыл! (Байқау)
жеке
блог

                                               Сәлем менің Массагеттік достарым!

         Алдынғы блогымда жариялағанымдай ҰБТ-ға дайындық мақсаттарымның тізімінде бірінші тұр. Келесі блогта оригами және оқып жатқан кітабым туралы жазамын.Ал бүгін сіздермен ҰБТ-ға қалай дайындалып жатқандығым жөнінде айтып беремін.

       Гуманитарлық бағытта оқып жатқандықтан қазақ тілі, орыс тілі сынды пәндер маған соншалықты қиындық туғызбайды. Сондықтан мен бірден математикадан бастадым. Формулаларды есімде сақтау үшін дайындық дәптеріме бөлек жазу үстіндемін. Әр түрлі есептерді де шығарып жатырмын. Қазақ тілі, орыс тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен де тестілер орындап жатырмын. Көрсеткішім де жаман емес. 

тест

         Ендігі кезекте тарих пәні. Тарихи уақыт кезеңдеріндегі күндер мен жылдарды жаттау оңай емес, әрине. Сол себепті, оқи бергенннен көрі, дәптерге маңызды оқиғаларды топтастыру немесе жазып алу сияқты тың әдістер қолданудамын.

тарих

«Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» - деп тұжырым жасаған А.Байтұрсынұлының әр сөзінде мән-мағына тұнып тұр. Расында да, алдыңа қандай мақсат қойсаңда соны іске асыру жолында тынымсыз еңбек керек.