Әлі қанат қағамын... (байқау)

Әлі қанат қағамын... (байқау)
жеке
блог
 Сіздердің алдарыңызда айды алам деп қол созбайтын аспанға маржандарды теріп жүрген жердегі болашаққа деген мақсаты нық, арманы көп, бесіктен белі кеше ғана шықсада өзінше шындықты шырылдатып ақиқатты ашып айтам деп аузы күйіп еңсесі түссе де мойымайтын, болашақ қаламы қарымды журналист болғысы келетін - ару.
Ол Бақыттың немересі Темірдің қызы - Астанай.
 

Оны «Әрбір батқан түннің атар таңы бар» деген ұстанымы алға итермелейді. Сондықтан болар ол өткінші қиындық болмашы сәтсіздіктерге мойымайды және барлық сынаққа төтеп бере отырып түбі жеңіске ұласатынына кәміл сенімді. Ал оның өмірдегі ең басты мақсаты - саналы адам, білікті маман болу, ата-анасының үкілеген үмітін ақтау. Астанай бұл жолда ешқашан аянып қалған емес, ылғи ізденіс үстінде жүріп қоғамдық істерге белсенділік танытады. Өзіне тек адал, мақсаткер, ашық, қарапайым, тіл табысқыш адамдарды жақын тартады. Өзінде жоқ қасиеттерді өзгеден көрсе жаны қуанып, тіпті ұқсап бақпаққа тырысады. Адамдық қасиеттерден өмірлік тәжірбиелерден сүрінбей өтуден қайраттылықтан ата-анасын үлгі тұтады, мақтаныш етеді. Ал тілімен тіліп, сөзімен сойып өтетін төртінші билік өкілдерінен Әуесбайдың қанаты мен Әлібектің Мейіржанын мықты маман деп санайды. Себебі оларда біз секілді ауылдан шығып, барлық табысқа ерен еңбегімен қол жеткен. Ал сырт көз жеткіншектері солардай болғысы -ақ келед...

Әуесбайдың Қанаты

Әлібектің Мейіржаны

Содан болар ол Байқау десе барын беруге даяр, жас журналист ретінде көптеген жарыстарда бақ сынап, сөз сөйлеп пікір қалдырып, бірінен жүлделі бірінен жүлдесіз қайтып жүрген жайы бар. Жүлдесіне қуанып жүлдесіз қайтса қателікті өзінен іздеп орнын кітап оқып ой өрісін дамытумен толтырады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті

Оның әдетте бос уақыты кітап, журнал оқумен және ғаломтар қызықтарымен, таза ауада серуендеумен өтеді. Бірақ қазір демалыс басталғалы ұйқы сенімді серігіне айналды.Тіпті сүйікті хоббиі  өлең щығару,қиынды (Газет, журнал, кітаптардағы мені қызықтыратын ақпараттар) жинауда ұмыт боп барады. Сондықтан массагет көмекке келді десем артық айтпағаным. Бұл байқау іздегенге сұраған боп табыла кетті. Ендігі жерде бар ойы масагетке кіріп блог толтыру болмақ. Барлық ойға алған мақсаттарын орындап уақыттын ұйқыға емес ойлануға керемет болмаса да шағын мақалар жазуға жұмсайды деп үміттенемін. Массагет ол сеннен жас журналисттерге арналған байқаулар ұйымдастыруын күтеді және міндетті түрде ұйымдастырылатына сенеді Өйткені сіздер ең керемет қамқоршысыздар. Сіздердің арқаларыңызда керемет мақсатгер құрбылар, көшбасшы жетекші тапты. 
Рахмет !!! Барлықтарыңызға сәттілік «ПАРАСАТ» тобына ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІН.

Пы:сы.Иә,мен мақсаттарыма Массагетпен бірге жетемін.Айтпақшы қызық екен өзің туралы біреу болып айтқан