Туған тіл басты байлығымыз

Туған тіл басты байлығымыз
жеке
блог
«Қазақ елі барда, қазақ тілі де өмір сүреді. Өседі. Өркендейді. Ұлтымыздың ұлы тілі – мәңгілік!», – деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтып өткендей, ұрпақтарды ұлттық құндылыққа патриоттыққа тәрбиелеу жолында, және келер ұрпақты өз ана тілін құрметтеу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің информатика кафедрасының ұйымдастыруымен қараша айында « Туған тіл – басты байлығымыз атты 1 курс студенттері арсында байқау өткізілді. Байқауға түрлі ұлт өкілдерімен құрылған 4 мамандықтың студенттері қатысты. Информатика мамандығы бойынша - «Болашақ», механика мамандығы бойынша - «Жастар», Есептеу техникасы және программалық қамтама - «Арман», математика мамандығы бойынша – «Әл Фараби ұрпақтары» сынды 4 топ қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрады. 1 кезең «Алтын тамыр» деп аталды. Яғни бұл кезеңде суырып салма ақындықтарымен қазақтың киілі домбырасымен әсерлі шумақтармен әр топ өздері таныстырып ұлттық құндылығымыз яғни тілдің мәртебесін жоғары деңгейде көрсете білді. «Сөз атасы мақал» кезеңінде тіл туралы мақал мәтел, жұмбақтар жасырылынып жұмбақтың шешімі үш тілде шешіліп үш тілді деңгейде студенттердің білім деңгейі сараланды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» кезеңіне студенттер тіл туралы өлеңдерді мәнерліп жеткізсе « Кім жүйрік» кезеңінде жүзден жүйріктер сараланды. Осындай әдемі кешке информатика кафедрасының білікті мамандары төрелік жасады. Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша математика мамандығының студенттері – «Әл Фараби ұрпақтары» тобы өздерінің өнерімен, тілге деген құрметімен, ізеттілігімен, білімділктерімен жеңіске жетті. Бұл орайда, мемлекеттік тілдің ұйымдастырушылық, тұтастырушылық мәртебесін биіктетуде дарынды, белсенді жастарға зор сенім артылды. Сол сенімді жастар ақтады. Ең бастысы бізді қуантқан Өзгенің құлы емес, өз еліміздің ұл қызы бар, өзгенің емес өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асыратын ұл қыздарымыз барлығына қуанып, кештің соңы мерекелік концертпен жалғасын тауып информатика факультетінің 1 курс студенті Нуркен Мадиярдың орындауындағы «Алға Қазақстан» әнімен кеш өз мәресіне жетті. Мерекелік іс-шараға қатысқан барлық жастар грамоталармен марапатталып, оларға сый ретінде кітаптар табыс етілді. Н.С.Закариянова, Ф.С.Телгожаева, Н.С.Баймулдина, Алимбаева Б.К., Кабдрахова С.С.