«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны»
жеке
блог

«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны»

 «Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды»  демекші мемлекет рәміздері тұғыры биік еліміздің айқын нышаны. Тәуелсіз мемлекет айдарында еліміздің  мәдени жетістіктері соның ішінде материалдық құнды бөліктері көзге бірінші  түседі. Рәміздер мемлекет айнасы әрі елдің арман-мұраты, мүддесі ретінде көрініс табады. Мәдени жетістіктер ұйытқысы ретінде елдің келбетінде қалыптасып жаңа заңнамаларға сәйкес рәміздердің орналасуы мен көрінісіне үлкен маңыздылықпен көңіл бөлінеді. Рәміз сөзінің құрамасына рәміздің символикалық мағынасы мен мемлкет арнасындағы статусы нышандалады. Әрбір рәміз жетекші рөл атқарады.

 Мемлекеттік рәміздер еліміздің дербестігі мен тәуелсіз ұранын күллі әлемге жария етуші. Еліміздің бүгіні мен болашағы арасындағы тығыз байланысы мен ұйыстырушысы. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, даналығын, болашаққа деген үмітін жандандыратын құндылықтар.

 Елдіктің шынайы болмысын көркейтетін және елін өрге жетелейтін өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде мәдени құндылықтардың орны бөлек болмақ. Еліміздің аса маңызды құндылығы осы мемлекетіміздің рәміздері. Мемлекет рәміздері ұлт бірегейлігі мен мәдениет жетістіктерінің көзайымы. Қазіргі таңда еліміздің рәміздері алғы құжаты сынды бірегей жетістіктері мен салт дәстүрінің айқын келбеті. Ел бойтұмары  халқымыздың мәдени санасын биіктетіп, әлем елдерінің ішінде өзіндік орын алуына атсалысып ерекше рөл атқарады. Еліміздің бастан кешкен оқиғаларын, баурайы кең жайлауы, ата-баба рухымен сақталған мәдениетін, тұғырлы көкжиегін рәміз тарихынан көре аламыз. Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында мұрағат дүниесіне сүйенеді. Рәміз мұрасы мен рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан өрбіген жас ұрпаққа тәрбиелі түрде ұсыну  өзекті сипатқа ие.

 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді. 2017 жылы ұлы ел рәміздерімізге 25 жыл толып отыр. Рәміздерді құрметтеу әр азаматтың парызы деп білемін. «Өнегелі ұрпақ болашақ кепілі»  демекші, әр құндылықты жоғары деңгейде бағалай білген өскелең ұрпақ елімізді болашаққа нық қадам бастыратын негізгі субьект. 25 жыл тарихы бар өнегелі құндылықты асқақтата ұстап, рухани мәдениетімізді біршама деңгейге  көтеріп отырған киелі ата – баба ұрпағының еңбегі зор. Бұл ширек ғасырда таңғаларлық биіктерді бағындырған Қазақстанның әрбір азаматы үшін зор мәртебе, шексіз қуаныш.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы  Кобекова Б.К.

Мәдениеттану мамандығының 4 курс с. Батырхан А.А.