Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жатыр-ау, сыры жасырын, сыйына тағдыр ризамын!

Жатыр-ау, сыры жасырын, сыйына тағдыр ризамын!

Жатыр-ау, сыры жасырын, сыйына тағдыр ризамын!

 <

Ауылымда алаңсыз отыр едім. Эстафета алауы маған келіп қалыпты. Әсте бұлай тез жақындап қалар деп ойлаған жоқ ем, шыным. Бұл да бір тосын сый болды. Айқаракөзге ақ алғысымды айтамын. Есіме түскендерін жазайын енді. <

Жалпы сый алғаннан көрі сый бергенді керемет жақсы көрем. Алған адамды қайдам, берген адам мынау мен, керемет бір күйді бастан кешіремін. Сол адамыңның жайдары жүзі мен риясыз күлкісін көргенде жаныңды әсем әнге бөлейді ғой. Сыйлық алғанда ұнайды. Ұнатпайтын адам жоқ шығар мына әлемде. <

Сыйлықты беретін адамыма зор ықыласпен таңдаймын.Көбінесе араласып жүрген адамың болса білесің ғой, сөз арасында өзінің қалап жүрген бір заттарын айтып қалады. Соны есіме мықтап сақтап аламында сәті келгенде соны тарту етемін. Немесе, өзім қатты ұнатқан зат оның да көңілінен шығып қалар деп сол дүниелерді тарту етемін. Орайы келгенде тосын сый жасағанды да ұнатамын. <

1.     Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз? <

  Біреу сыйлаған дүниені біреуге сыйлағанды ұнатпаймын. Сыйлық – арнайы арнап алыну керек деп ойлаймын. Өзінің ісін орындау үшін ісі түсе қалып, мені тура сол кезде есіне алып сыйлық жасағанды ұнатпаймын. Қанша қымбат болса да ондай сыйлықтар жүрегімнен орын алмайды. Былайынша күнде де көмек сұраса көмегімді аямас едім. Ондай сыйлықтар сыйлық емес «ауызбастырық» сияқты көрінеді маған. <

2.     Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз? <

 <

   Ешқандай сыйлықтан бас тартпаймын. Тек, бір ғана жағдайда бас тартып жүрмін әзірге. Мысалы сөз салып жүрген жігіт болса ал ол адамға менің көңілім жоқ болса қандай сый болмасын бас тартамын. Себебі, ондай жандарды бекерге үміттендіргім келмейді. Өтініп қабылдатқан жағдайда ол сыйлықтарды өзім пайдаланбаймын. Айналамдағы жандарға ұстата саламын.(1-ші абзацқа қарсы келіп тұр деп ойламаңыздар. Кім бергенін айтамын өзіне.) <

3.     Сізге ұнайтын кәдесыйлар<

   Маған да әр елден келген тоңазытқышқа жабыстыратын магниттер, қызықты махаббат туралы көркем әдебиет пен жалпы кітап,  гүл немесе бөлме гүлдері, қолөнер бұйымдары, сувенирлер, ұлттық нақыштың белгісі бар кез-келген дүние, мысалы: «Ғаламарт» пен «Әдемі-ай» өнер салондарының ұлттық нақышта жасалған әшекей бұйымдарынан бастап кез-келген кәдесыйлары көңілімнен шығады.<

4.     Өміріңізде есте қалған сый. Жалпы ойлап отырсам, маған сыйлаған сыйлықтардың көбісі: әшекей бұйымдар, косметика,гигиеналық заттар, ұялы телефон, иіс су, кітап, гүл,сувинерлер, ыдыс-аяқ  жиынтығы, киім, ақшалай сыйлықтар екен. <

1. Есімде ерекше қалғандар мыналар: Анашымның сыйға тарқан ноутбугы. Әлі күнге дейін қолданып келе жатырмын. Сіздермен де сол сүйікті ноутбугым арқылы  жүздесіп жүрмін.<

 2. Әкемнің барлық сыйлықтары. Ес біліп есімді жинағанда, алғаш бес жасымда «Бозінген» және «Қазақ халқының ертегілері» деген ертегі кітап сыйлап, кітапқа деген сүйіспеншілігімді арттырғанда сол әкем болатын. Менің атыма аудан орталығынан үлкен әмбебап гастроном дүкен ашқан болатын. Бала болсам да әлі есімде. Әр күн сайын сабақтан келгенде айна алдында жарқырап бір әдемі көйлек ілулі тұратын. Бұлар да әкемнің сыйы. Жыл сайын әкем Алматыға барғанда міндетті түрде маған бастан-аяқ киімдер әкелетін. Қалған үйдегі екі ұлға дәл мендей сый жасамапты ойлап отырсам. Осының барлығы мен үшін үлкен тәтті естелік. Әкемнің енді бұлай сыйлық сыйламайтыны өкінішті. <

 <

3.Арнаулы құрбымның сыйға тартқан «Қазақ тілі» энциклопедиясы маған ерекше қымбат. Станбул шаһарынан арнайы әкелген тоңазытқыш магниті мен қол өнерімен тігілген ұялы телефоныма арналған қапшық ерекше ыстық.Айтпақшы, Күләш Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян» деген кітабы да ыстық. «Жазира, менің қызыммен аттас екенсің, бақытты бол» деген әдемі тілегі бар еді ішінде. <

4. Түркияда тұратын Сельма деген түрік құрбымның жақында беріп жіберген қол өнерінен жасалған салпыншақ сырғасы мен шаһар бейнесі бейнеленген тоңазытқыш магниті сол құрбымның көзіндей көремін. <

5. Осыдан екі жыл бұрын Қытайға барған сапарымда туған күнім сол кезге тура келіп қалды. Қытай қазағы, Құлжа қаласының депутаты бір аға есімін ұмтып қалдым, туған күнімнің құрметіне Консулдың қонақ залына арнайы тапсырыспен үлкен, мол дастархан жайып туған күнімді жасап берді. Және маған арналған қояны мен қытайша есімім жазылған туған күн тортын тарту етіп, басыма карона кигізген. Бұл маған үлкен сый болды. <

6. Өмірімде алғаш ғашық болған ағайымның мен үшін мектеп бітіру кешіне келіп, өз қолымен аттестат тапсырғаны, бір кездері маған арнап салған суреттері мен үшін үлкен сыйлық. (Оны мен қиялымнан шығарып алған жоқпын. Өз аузынан естігенмін «арнайы сен үшін» деген сөздерін. Так что сеніммен айтуға болады. )<

 <

Алла бізге өмір сыйласа, өмір бізге әдемі тосын сыйлар сыйласын. Сыйдан сыйға жете беріңіздер. Эстафетаны Айжан Нұрланқызына  аманаттадым.<

 <

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 28 ақпан 2012, 10:11
Тегтер: ЭСТАФЕТА, сый, сыйлық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.