Сыйлық

Сыйлық
жеке
блог

    Сәлем халқым ))) Жағдайларын жақсы ма? Менде бәрі тамаша!!! Массагетте ЭСТАФЕТА деген шығыпты ғой... Әлде мен енді білдім ба? Не болса да жақсы нәрсе екен, қызықты.

    Осы Эстафетаның бір таяғы Гүлнұр әпкемнің себебімен маған тиіпті. Тақырып сыйлық туралы екен. Негізі сыйлықты аз алғанмын. Жазып көрейік.

 

1)        Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Естелік болып қалмайтын нәрселер. Мысалыға алар болсақ гүл, ақша, торт, т.с.с Сыйлықты көргенде мен есіне түсіп тұратындай болса)) Көбісі айтады кез келген қыз гүл алғанды жақсы көреді деп. Өзің теріп силаған гүлдің орны бөлек бірақ. Кейде соны ескеріп қосымша сыйлық ретінде  қосып беремін. Сосын ресторандарда Менің атымнан саған ән деп біреудің әнін қойып билеткім келмейді. Сондайларды көп байқаймын.


2)        Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Гүлден))) Сосын әзілдеп силаған силықтар. Бұрын біз 9 шы мамыр күні мектептегі досымызға қыздың іш киімдерін силағанбыз )) осы сияқты силықтардан....

 

3)        Сізге ұнайтын кәдесыйлар

Ұнайтындар көөөөп қой ))) Бөлмеме іліп қоятын сыйлық болса, Ұзақ жылға естелік болып қалатын, сувенир, қол сағаты.. тағы көпқой... Негізі шын көңілден сыйлаған сыйлықтардың бәрі ғой.

 

 

4)        Өміріңізде есте қалған сый

Сыйлық аз аламын сондықтан бәрі есімде. Кішкентай кездегі сыйлықтарыма дейін. Қазір санап қарасам көбінесе ақшалай сыйлық алады екенмін.

 

5)        Сізді жалықтырған кәдесыйлар

Ешқандай сыйлықтан жалықпаймын.. Бере беріңдер ала беремін )))) Жалығатындай сыйлық алмадым

 

Менде бары осы енді))  Шындығымды ақтарып жаздым. Ал енді келесі эстафета таяғын Рауана досыма және Мөлдір көз деген бейтаныс қызға беремін )))