Өнерлі отбасы

Өнерлі отбасы
жеке
блог

   Би – ғасырлар бойы жасап, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан өнер туындысы. Ал, бүгінгі таңда би өнері қоғаммен бірге жаңарып, дамып келе жатыр. Бұл өнер ұлттың ерекшелігін, салт - дәстүрін айшақтап беретін құрал десек те артық емес. Би өнері арқылы талай өнер иелері жетістіктерге де жетіп, көрермен разылығын алған бишілер де қаншама. Соның бірі, бүгінгі таңда көпшілік қауымға танымал - Шара Жиенқұлованың қолдауымен өткен «Қазақ биі» байқауының лауреаты және Италия, Франция, Израиль, Испания мен Лондонда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Галя Асанғазықызы Есмұхамбетова. Ол мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің мүшесі болған. Қазіргі таңда "Бақыт" би тобының көркемдік жетекшісі.

   "Бақыт" би тобының көркемдік жетекшісі - Галя Асанғазықызымен тілдескен едік, өздеріңізге ұсынсақ.

-          "Бақыт" би тобы қалай құрылды?

-           "Бақыт" би тобы 2003 жылы құрылды.

-          Би топтың құрамында қазіргі таңда қанша биші өнер көрсетеді?

-          Біздің би тобымыздың құрамында қазір 20 биші бар.

-          Бишілерге қандай талаптар қойылады сіздердің би топта өнер көрсетуі үшін?

-          Қойылатын талаптар: бишілік, адамгершілік, ұстамдылық. Жанұяңды қалай сыйласаң, өнерді де солай сыйла!

-          Репертуарларыңызда қанша халықтың биі бар?

-          Біздің репертуарымызда, калассика, модерн, халық билері, заманауи билер бар.

-          Сіздердің сахналық қойылымдарыңыз басқа би топтарынан ерекшеленіп тұрады. Қойылымдарды кім ұйымдастырады?

-          Неге ерекше? Себебі, менің ұстаздарым Ресейлік болды. Құдайға шүкір, ол кісілер маған жақсы тәжірибе берді.  Мен «Гүлдер» ансамблінде биледім. Содан соң, Италияда 5 жыл жұмыс жасадым. Елге келдім тәжірибе жинап. Менің сіңілім Бақыт маған ансамбль ашуға қаражат берді. "Сенің қолыңнан келеді" – деп. Екеуміз бірге Италияда жұмыс жасадық. Бақыт – әнші. Осы ансамбль үшін өз өнерін тастады.

-          Сіздердің ұжымдарыңызды көптеген телевизиялық шоулардан, концерттерден көреміз. Бұл – сіздердің ұжымдарыңыздың жемісі деп білемін! Алдағы уақытта жаңа шоу бағдарламаларда өнер көрсету ойларыңызда бар ма?

-          Өз ансамблім үшін барлығына дайынмын. Топтағы әрбір биші – менің балам. Ана ретінде балаларым үшін барлығына дайынмын.  Біздің би тобымызды ешқандай проект ұмытпайды. Би тобымызбен және Маликамен бірге Франция, Италияға  шақырту алдық. Біз өте қуаныштымыз!

 

Малика Есмуханбетова – "Бақыт" би тобының бишісі, әнші, актриса

-          Сұхбатты бастамас бұрын, өзіңнің туып – өскен ата – мекенің, туған жерің жайында айта кетсең? Қай өңірде дүниеге келдің?

-          Мен 1993 жылы 31 шілде айында Алматы қаласында туылдым.

-          Қай мектепте білім алдың?

-          Алматы қаласындағы А.В. Селезнева атындағы хореографиялық училищеде білім алдым. Өте тәртіпті, үздік оқушы болдым.

-          Сені өнер сүйер қауым "Бахыт" би тобының биші, әншісі ретінде жақсы таниды. Өнерге қалай келдің?

-          Өнер – отбасымнан дарыды. Әкем, анам, әжем, әпкем, атам барлығымыз өнерлі. Сондықтан барлығымыз бір – бірімізге сепепшіміз.

-          Көпшілікке кең тараған "Ғашықпын саған" атты әнге түсірілген бейнебаян өте сәтті шыққан дүние деп айтуға болады. Кімнің идеаясы клип түсіру?

-          "Ғашықпын саған" әнінің сөзін жазған Ермек Елгезеков. Клип идеясы – анам Галина.

-          Репертуарыңда қанша ән бар?

-          Репертуарымда әндерім көп.

-          Сен үшін тыңдармандарыңның пікірі маңызды ма?

-          -Иа, тыңдармандардың пікірі өте маңызды.

-          Алдағы жоспарларыңмен бөліссең?

-          2012 жылы "Үздік студент" атандым. Мен өз өнерімді сүйемін. Әлі де жұмыс жасау қажет. Әрі қарай өмір өзі көрсетеді.

-          Достарың көп пе?

-          Менің көз қуаныштарым – анам, әжем, әпкем, туған – туысқандарым. Фарида және Фариза сендерге рахмет!

  Малика қазір Алматыда Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында музыкалық білімін жалғастырып жатыр.

Өздеріңіз оқып шыққандай, өнерлі , өнегелі отбасы! Тағы бір айта кетерлік жаңалық, Малика "Таза қазақша" деген тақырыпта түсірілген сериалда басты рольді сомдады.  Өнегелі отбасына тек береке мен бақыт, амандық тілей отырып, сұхбат үшін үлкен алғыс білдіргім келіп отыр. Өнерлері өрге жүзсін! Маликаның болашағына сенемін!