Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Чех еліндегі күндерім. Samsung Forum 2012. Galaxy Note

Чех еліндегі күндерім. Samsung Forum 2012. Galaxy Note

Чех еліндегі күндерім. Samsung Forum 2012. Galaxy Note

Алдыңғы жазбамда «Samsung Forum 2012» шарасы туралы, ұсынған жаңа өнімдер жайлы толығырақ айтып кеткен болатынмын.

Бұл жазбамды шарада ұсынылған бір өнімге арнаймын. Ол – 5,3 дюймдік  Samsung Galaxy Note смартфоны.


Сыртқы келбеті әдемі, үлкен дисплейі мен жіңішке дизайн бар смартфон жеп-жеңіл. Диагоналі 5,3 дюймге жететін HD Super AMOLED дисплейі әр түрлі түстерді тану арқылы кез келген бейнені айқын көрсетеді. 5,3 дюймдік дисплейдің арқасында мәтін-мақалаларды оқу үшін экранды ұлғайтудың еш қажеті жоқ.

Смартфон арқасында «ұмытып қалу» дегенді білмейтін боламыз. S Planner интеллектуалды күнтізбесіне сіз керекті жазбаларыңызды сақтап, алдағы күннің істерін электрондық форматта жоспарлай аласыз.


S Pen элеткрондық қаламымен сіз жазбаларыңызды жазып қана қоймай, тіпті, сурет сала аласыз. Электрондық қаламмен жазылған кез келген жазба бірден элеткрондық форматқа ауысып, ал салынған сурет галереядан орын табады. Сондай-ақ, кез келген сурет пен бейнеге S Pen арқылы пікір жазуға, атын ауыстыруға болады.


Смс-хабарламалар мен электрондық хаттар артта қалды. Смартфондағы Samsung ChatON сервисы арқылы жақындарыңызбен тілдесіп қана қоймай, жаңа суреттеріңізбен бөлісе аласыз.

Смартфон аккумуляторының сыйымдылғы өте үлкен, соныдқтан да, «өшіп қалады-ау» деп уайымға салынбаңыз.

Форумда Samsung Galaxy Note смартфонымен жұмыс істеу ыңғайлы әрі жеңіл екеніне көзім жетті. Кофе-брейк уақытында суретшілер электрондық қаламмен смарфонға кез келгеннің карикатурасын салып берді. Өз кезегім келгенде суретші алдына мен жайғастым. Карикатурам қолыма тигенде өзімді танымай қалғандай болдым.


Бұл смартфонның бағасы біздің нарықта шамамен 120 000 теңгені құрайды.

Жалпы, «Samsung Forum 2012» шарасы өте қызықты өтті. Ұйымдастырушылардың ерен еңбегі бірден көзге түседі. Ұшақ, қонақүй, ауқат, экскурссия, гала-кеш. Мұның барлығына үлкен күш пен дайындықты талап етеді. Өз басым, ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын.

Суреттер үшін өзіме, жазушы-блоггер Рустам Ниязовқа және Samsung компаниясының қызметкерлеріне үлкен рахмет)

1270 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 26 ақпан 2012, 16:08
Тегтер: Samsung Forum 2012, Galaxy Note, Чехия, Прага
Пікірлер
+0
26 ақпан 2012, 16:32

Электрондық қаламмен смарфонға сурет салуға болатыны ерекше екен.)

+0
26 ақпан 2012, 16:33

Иә, енді суретшілер гуашь пен қылқалам іздемей-ақ, смартфон арқылы сурет сала алады))

+0
26 ақпан 2012, 16:52

Келбетіңізді керемет келістіріпті)). Бұндай смартфон біздің қолға тигенше неше жыл...

+0
26 ақпан 2012, 17:19

SAMSUNG МАРКАСЫН макатак емеспін, нашар телефон. Ауылда NOKIA ұстайды. Бұл шіркін ұстамайды, ұстасада үзіліп кете береді. Жаңбырлы күндері "ұстамас" ұстап қалатыны және бар. Жалпы, бұл маркалы телефонды алуға әсте кеңес бермес едім.

+0
26 ақпан 2012, 18:43

Керсінше маған самсунг ұнайды. Ең алғаш ұстаған соткам да самсунг болатын. Қазіргісі де самсунг. ))

+0
26 ақпан 2012, 19:22

маған да, жалпы самсунг жанкүйерлері күн сайын өсуде, сапасы да жақсы, қазақ тіліне аударған бірінші фирмалардың қатарында

+0
26 ақпан 2012, 22:30

Маған осы компанияның алғашқы болып қазақ тілін енгізгені қатты ұнады. Болашақта самсунг телефонын алу ойда бар))

+0
26 ақпан 2012, 22:47

негізі сөздің шыны керек, қазақшаға аударылған кезде қуандым.

+0
26 ақпан 2012, 22:50

Самсунгтан кейін басқалар да аудара бастады. Алайда, самсунгтың аудармасы өте жақсы.

+0
26 ақпан 2012, 22:52

LG аударылмаған дейді, теледидар орыс тілінде әлі, теледидар жаңа

+0
26 ақпан 2012, 20:57

Сотканың маркасын қайдам маған сіздің дидарыңыз тартымды көрінді.

+0
26 ақпан 2012, 21:02

бұндай қымбар гаджет алуға жағдайым жоқ, армандаудамыз...

+0
26 ақпан 2012, 22:43

"Армандар орындалу үшін жаралған" дейді ғой))

+0
26 ақпан 2012, 22:46

дұрыс, бірақ қазір емес, ол үшін қолдың кірінен күніне мыңдағаның табуың қажет.

+0
01 наурыз 2012, 10:27

хороший пост

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев