Туған күнің құтты болсын, Ғазиза!

Туған күнің құтты болсын, Ғазиза!
жеке
блог

Туған күнді шығарма сен есіңнен, 
Бір Алладан жарық көр деп шешілген. 
Анаң сені әкелем деп өмірге, 
Қиналып еді кете жаздап есінен. 
Туған күнің жарық көрген шуағың, 
Іңгәлаған естілді алғаш жыр әнің. 
Өміріңнің азаттығын тілеймін. 
Аспаныңның шуақтығын тілеймін, 
Қуанышыңның тұрақтылығын тілеймін. 
Денінің қуаттылығын тілеймін, 
Өміріңнің сәнділігін тілеймін. 
Ата-анаңның, туыстарыңның амандығын тілеймін, 
Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.

...

 Жүзіңнен құйылып әдемі нұр,

Ақ пейілін айтпай-ақ көрініп тұр.

Адамға болсын деген жан екенсін,

Тілегім әрдайым аман да жүр.

 

ҒАЗИЗА, туған күнің құтты болсын,

Көңіліңе толассыз шаттық толсын, 

Басың аман, денің сау боп әрдайым,

Басыңа бақ – береке бірге қонсын.

...

Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілеймін!

...

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,

сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.

..

Жүзіңнен  шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!

..

 

Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай  өтіп жатқан әр жылың жақсылыққа толсын.
.....
Өмірде «әттеген- ай» деген күндеріңен,  «шіркін- ай»  деген сәттерің  көп болсын!

..