жеке
блог

Шоколад пен махаббат

Ел-жұрт Жаңа жыл деп шулап жүр. Ал мен үшін бұл мерекенің маңызы баяғыда-ақ жоғалған, мереке ретінде қабылдамаймын десем де болады) Бірақ, жақсы көремін. Себебі бұл кезде әлемдегі ең жақын, ең қымбат адамдарымының жанында боламын. Емтихандарды тапсырып, поездға отырып үйге барсам, бауырларымды құшақтап, ата-анаммен бір кесе шәй ішсем сол мен үшін қуаныш. Ал бала кезімде... Ол кезде бәрі басқаша еді. Жаңа жылды папам әкелетін мандариндер (жылына бір-ақ рет жейтін шығармыз ол кезде) мен қара бала үшін күтетін едім...

Жаңа жыл кешіне әдемі киініп барсам, ол мені биге шақырса деп тілейтінмін. Тіпті, сол кешке 1-2 ай бұрын дайындалатынмын)))

Ол күні де солай болды. Есіктен кіргеннен-ақ, «Әдемі болып тұрмын ба?» деген ой билеп ала жөнелді. Жігіттер мен қыздар, апайлар мен ағайлар «қандай әдемісің! Неге ылғи осылай жүрмейсің?» деген комплименттерді жаудырып жатыр. Бірақ, қара бала үндемеді. Ол ылғи да солай үндмейтін. Үндемей жүріп-ақ, ұмыт қалды)

Есімде қалған Жаңа жылдар көп-ақ. Свет өшкен, қар болмаған, мамам жұмыста болған, ұйықтап қалған Жаңа жылдар да болды. Бірақ, бұл Жаңа жыл тым басқаша еді...

Кеш өтіп жатыр. Жаңа жылға дайындаған бағдарламамызды көрсетіп те болдық. Көңіл-күйім түсіп кеткен. Ол мені әлі де биге шақырмады. Ал мен оған ұнамай қалмайын деп әлі ешкіммен билеген де жоқпын. Үмітім де үзілді. Бұрыштағы пианиноның жанына барып тұра бергенім сол еді, артымнан

–        Билемейміз ба? – деген дауыс шықты)

Жалт қарасам сол екен. Қуаныштан жарылғалы тұрсам да, жай ғана күлімсірей салдым. Екеуміз де билеп тұрғанымыз жоқ. Әркім өз ойымен әлек, ұялып тұрмыз. Бір-бірімізге қарамаймыз. Кенет Аяз Ата келіп, қолыма бір шоколадты ұстатып кетті. Қарап тұрдым да, қара балаға ұсындым, ол әдетінше:

–        Керек емес, жей бер өзің, - деді.

Алдым да, қалтасына салып қойдым. Әуен аяқталды. Екеуміз ештеңе деместен екі жақа жүгіріп кеттік (қай сынып екені есімде жоқ, осыған қарағанда әлі кішкентаймыз ғой).

Көңілім бәрібір орнымда емес. Балмаскарадқа осы бір би үшін келсем де, көңілім тоқ емес. Қайтқым келді. Арт жақта ата-аналар отыратын жерге бардым. А деген сыныптас құрбым, мамасына шоколад беріп жатыр екен:

–        Мам, жейсің ба?

–        Жоқ, қызым, өзің жей ғой, қайдан алдың?

А шоколадты қара баланың бергендігін айтты. Оған кім беріпті десем, «Бір қыз» деп айтты. Ішімнен «бір қыз, бір қыз» деп қайталай бердім. Мамасы көңілімнің түсіп кеткенін байқады ма?

–        Айгер, сен жей ғой, - деді.

Оны қолыма ұстағанда шоколадтай тәп-тәтті бала махаббатым бір сәтте ащы бола түскендей көрінді де, ғайып болды.

П.С: Манастың "блог туралы блог" атты жазбасы бар еді, өздеріңнің жеке бастарыңа қатыстыны  жаза бермеңдерші деген өтінішпен жазылған. Ондай әдетім жоқ. Мендегі ниет: бала шақты көз алдымызға алып келетін  осындай тәтті естеліктер сіздің де есіңізге түссін деген ой ғана)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі