Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сыйға сый (эстафета)

Сыйға сый (эстафета)

Сыйға сый (эстафета)

Негізі жалақы алғанда, немесе көп қаржы қолыма түскенде дүкен аралаймын. Керек-жарақ алып жүріп, арасында ұнаған кәдесый аламын. Кез-келген уақытта, уйбуй беретін дымым жоқ деп отырмау үшін, дайын болуға тырысамын.


1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Үйдегі жатқан тұрған, той-томалақтан келген орамал, мата, бықыбай-шықыбайларды беруді де алуды да ұнатпаймын. Енді кейде үлкен әжелер ырымдап беріп жатса риза болып аламын, ал былайынша құп көрмеймін.

2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Кез-келген сыйлықты ала беремін. Болмашы қағаз, бір парақ күнтізбе болса да ) Бұрыыын, баяғыда бір жігіт келуші еді күніге кешке, қолына сникесін алып. Сникерс жеп өссем де, соны көргенде төбе шашым тік тұрып, сникерсін алмай қор қылатынмын. Әпкем, өзің жемесең, бізге әкеліп бер дейтін.

3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Қымбат, бағалы кәдесыйды қатты ұнатамын, екінің-бірінің қолына түсе бермейтін санаулы заттың бір экземпляры болса қатып кетеді. Ақшалай болса тіптен қатып кетеді.

4) Өміріңіздегі есте қалған сый?

Ешкімге тәуелді болмай үйренген соң ба, барлық затты өзім таңдап сатып алады екенмін. Дегенмен, ең есте қалатыны әпкем әлі күнге әдемі көйлектер сатып әпереді. Ааа, сосын сүйіктімнен алған құшақ-құшақ раушан гүлі.

5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

  Сыйдан жалықпаймын )

 

Эстафета жалғасын Айнара, қабыл ал! ))

2262 34
Рейтинг: +0

Автор: * Shaikhistamova
Жазылған уақыты: 24 ақпан 2012, 18:50
Тегтер: сыйлық, сыйлық беру, сый алу, ұтымды сыйлықтар, раушан гүлі, ақша
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 19:44

Әр жазбадан өзімді көргендей боламын. Анарканың жазбасын оқып мынау мен ғой десем, сенің жазбаңды оқып тура мен деп отырмын. Барлығы сәйкес келеді.Менің сыныптасым болатын бір .Ол да шоколад бергенде алмай қойғанмын.Қоймаған соң алып, білдіртпей жолда келе жатқанда жерге тастай салғам. Оқушы кезімде ғой ол. Мені қаншалықты жақсы көрсе, мен оны соншалықты ұнатпайтын едім. Айтпақшы, ұнаған кәде сыйларды мен де алып қоям. Аяқ астынан беретін жағдай болып қалса деп. Суретің әдемі. Кеше білдім сені. Оған дейін бұл қыз кім болды екееееен деп ойланып жүргем. )))

+0
24 ақпан 2012, 19:46

хе,хе )))
Мен әлі сені танымай жүрмін.

+0
24 ақпан 2012, 19:50

Ой мені ешкім танымайды. Есесіне мен бәрін танимын! Десең. Сендер сияқты атақты емеспіз ғой біз. ))

+0
24 ақпан 2012, 19:51

Мен атақты ма едім )))
Алматы облысынансың ба?

+0
24 ақпан 2012, 19:57

Нуу, уордпрестің экс-өкілдерісіңдер ғой. Ал уордпрестіктердің кез-келгені маған ыстық! Алматы облысынан емеспін. Бірақ, қазір осы қаланың территориясында өмір сүріп жатырмын.))

+0
24 ақпан 2012, 23:01

Суреттегі айдан жарқын жүзіңізге сына отырып қандай сыйлық алып барсам екен деген ойға шомып отырмын да)))

+0
24 ақпан 2012, 23:46

Малайзияға барғанымда жылы қабақпен қарсы алсаң жетіп жатыр ))

+0
25 ақпан 2012, 00:29

рақмет эстафетаға!!! Жазба әдемі екен!

+0
25 ақпан 2012, 01:52

сенің жазбаңды күтеміз )

+0
25 ақпан 2012, 01:18

мен де сізді енді танып отырмын )

+0
25 ақпан 2012, 01:51

бай болады екенсіз, сізді танымай отырмын ))

+0
25 ақпан 2012, 02:07

мен ана немін ғо...... то есть кіммін ғо..... сотка әпергіш) сотка әперейін ба саған?

+0
25 ақпан 2012, 02:14

жоқ, рахмет ))) Ниетіңізге рахмет!

+0
03 наурыз 2012, 14:56

Сыйга барин ала берем дегенин кайда?

+0
03 наурыз 2012, 16:52

сұрап бергенше ұрып бер деген бар, "сотка әперейін ба саған?" дегені ұнамады. Шын ниеттенген адам сұрап әуре болмайды )))

+0
03 наурыз 2012, 16:54

Балпушонок қалай?

+0
03 наурыз 2012, 17:40

Рахмет, шукур, жылап жатыр касымда

+0
25 ақпан 2012, 01:26

Раушан гүлдер керемет! Осындай гүлдерді көргенде қайтадан сыйлыққа гүл алғым келіп кетеді. Негізі гүл сыйламай-ақ қойшы дейтінмін )))

+0
25 ақпан 2012, 01:55

Гүл ең үлкен әлсіздігім, мынадай гүлмен қысылысып автобусқа мініп көрші, түскенше автобустағы халықтың көңілін бір көтересің.

+0
25 ақпан 2012, 02:21

"Үйдегі жатқан тұрған, той-томалақтан келген орамал, мата, бықыбай-шықыбайларды беруді де алуды да ұнатпаймын. Енді кейде үлкен әжелер ырымдап беріп жатса риза болып аламын, ал былайынша құп көрмеймін" дегеніңізбен толықтай келісемін, шыны керек, мен де ұнатпаймын бар ғой бір жерге барсаң, кетеріңде орамал сияқты той-томалақтан алған заттар ұсынып жатса...

+0
25 ақпан 2012, 02:28

Той-томалақтан алған заттар, әлде қалған заттар ма?Не болды, ұсынса ұсынсын, қайта жақсы емес пе? Түймедей нәрсені түйедей қылатын не?

+0
25 ақпан 2012, 02:23

Айтпақшы, сурет өте әдемі шыққан! Әдемі гүлдермен бірге құлпырып тұрсыз Зиола)))

+0
25 ақпан 2012, 10:14

Жан, сенің сыйлық силағанды ұнататыныңды білемін. Сен берген балапанчик үйде тұр, ойыншықтарымның арасында :)))) Ұнайды сондай :))). Суретің кереметтт!!!

+0
25 ақпан 2012, 15:44

Жақындарыма мерекелік көңіл-кү

+0
25 ақпан 2012, 15:45

Жақындарыма меркелік көңіл-күй сыйлаған ұнайды)
Балапан? Бәлкім қоян? ))

+0
25 ақпан 2012, 16:28

Балапан аппақ :))))

+0
25 ақпан 2012, 12:26

суретің әдемі расымен, Қалдықыз ) жазбаң да әдемі, жалпы барлығы әдемі ))

+0
25 ақпан 2012, 13:53

Сүйкімді екенсіз ғой, томпақ бет, үнюнюню

+0
25 ақпан 2012, 13:59

Иә, мына суретте шығыстың сұлуы Шахзодаға ұқсайды. )

+0
25 ақпан 2012, 14:11

Қайдағы бір сартты тықпалай бермеңізші ! ! ! Аллергиям бар!

+0
25 ақпан 2012, 14:22

Басқа ұлттарды ұнатпайсыз ба не?

+0
25 ақпан 2012, 14:37

Ұлты несі тағы? Түсімбедім

+0
25 ақпан 2012, 14:46

Сарттарды ұнатпайсын ба деп сұрағаным ғой. ))

+0
25 ақпан 2012, 14:26

иа қатты ұқсайды :)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев