Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Студент бақытын сезінбегендер...

Студент бақытын сезінбегендер...

Студент бақытын сезінбегендер...

Жоғарғы оқу ордасының табалдырығынан үлкен өмірге имене енген студенттің ең керемет қуанышы - шәкіртақысын алғаш рет қолға алған кезде сезіледі. Мұндай бақытты сезінудің өзі бір басқа дүние. Мен де бөлмедегі құрбыларыммен шәкіртақымызды алып, кеудемізді керемет күй кернеп, жоғымызды толықтыру ниетімен асыға аялдамаға жеттік. Студенттер қауымының орталық базары айтпаса да белгілі емес пе?! Біз күткен автобус ұзамастан-ақ жетіп үлгерді. Шәкіртақысын алып мақсатты мекеніне асыққан біз секілді жас желеңдер өте көп екен. Жетпістің алыстан қарасы көрінгені сол еді, баршамыз бір театрға енетін көрермендердей топтаса қалдық. Автобус аялдамаға ыңырана тоқтағандай болды, ал кондуктор қош келдіңін: "ҚазҰУ-да адам қалды ма?" деген сөзбен қарсы алды. Ол аздай ішке еніп орын таба алмай қапқа тығылған собықтай соғылысып жан терге түскен студенттерге жүргізушінің: "Студенттерге Барахолка билеттерің қызмет ететін жер емес. Толық төлеңдер" деген қамшы сөзі жығылған үстіне жұдырық болды. Қарбаласпен байқамаппын, енді әйтеуір орын тауып жан-жағыма барлай қарасам, жолаушы орындығында отырған өңкей орыстарды көріп тіптен күйіндім. Жап-жас қыз келіншектеріне дейін орындықты меншіктеп алған, ал қазағымның асқар жасты алқымдаған аға-ана буын өкілдері соғылысып бұрышта тұрғанына шамырқанып та қалдым.

Осы ойдың шырмауында неше уақыт тұрғанымды білмедім, кондуктор мен жүргізушінің арсылдаған үні ойымды ойрандап кетті: "автобусқа кілең пенсионерлер мініпті ғой", - деп бір түйіп өтсе, енді бірде темірді тіреу еткен ондаған студенттің қолы дабыл белгішесіне байқамай тиіп өтіпті, бұл үшін жүргізушінің: "ҚазҰУ-дың қыздары жақсы ермек тауыпты" деген айналайын сөзін естіп те үлгердік. Мұны естіп шыдамы құрыған құрбым: "ҚазҰУ-дың қыздары болмаса аш қаласыңдар. Алла сол зейнеткерлік жасқа жеткізсін" деген ащы сөзін ашына айтты. Сан адаммен салғыласып үлгерген екі аға үшін қатты ұялдым. Өзге ұлттың көзінше бір-бірінің көзін шұқып мазақ болған, екі сайқымазаққа айналған қазақтың атпал азаматтары, бұл айбынды есімге лайық еместерін баршаға көрсетіп-ақ берді. Шіркін, неткен қор болып жүрген клоундар десеңізші!

Жарты сағаттық жол жарты күн өмірімдей сезіліп кетті. Тезірек мына автобустан түсуге асықтық. Осы оқиғадан кейін мен бір ой түйдім. Бұл екі адам студент болу бақытын сезінбеген жандар, қараңғы ортаның тәрбиесін алып, саялы өмірде санасын сергіте алмаған рухани сауатсыз жандар секілді. Студенттің де намысы барын, көкірегінде сәуле барын оларға ұғыну қайдан!.. Тек бар тілек еткенім: қандас қазағымның өзге ұлт алдында бір-бірінің етегінен тартып, абыройы айрандай төгілмесе екен!.....

1823 12
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 ақпан 2012, 16:18
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 17:22

біздің оқиғалардың көбі не автобуста, не бөлмеде, не сейсенбі күні...))

+0
24 ақпан 2012, 17:23

"70" нөмірлі автобус бақытты шығар))) Массагетке шығып жатыр)

+0
24 ақпан 2012, 17:27

Ия, 311-де бақытты)))

+0
24 ақпан 2012, 18:40

беу, студенттік шақтар-ай...

+0
24 ақпан 2012, 22:12

құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат қызық мол жылдар,
ақырын,ақырын шегініп, алыстап кетті-ау құрғырлар))

+0
24 ақпан 2012, 22:48

тіл иірімі кең, көркем сөздермен байыта жазылыпты, мұндағы ойлар. сірә ҚазҰУдың филология немесе журналистиканың болашақ мамандары-ау деймін...

+0
25 ақпан 2012, 01:00

Пікір жазғандар посты оқымаған сияқты ма, қалай? ))) Салта, қайтесің ондайларға жүйкеңді құртып, мен жолда келеңсіздікдер болса мына мысалды есіме аламын. http://massaget.kz/blog/492

+0
25 ақпан 2012, 01:34

хехе....) оқымаған )

+0
25 ақпан 2012, 18:28

Меніңде әдетіме сіңеді енді http://massaget.kz/blog/492))). Ең бастысы түсіне алатын көкірегі ояу сіздер барсыздар...

+0
25 ақпан 2012, 13:22

Иә, кондукторлардың мәдениеті өте төмен, былай қарасаң, атпалдай-атпалдай қазақтың жігіттері, кір-қожалақ болып автобуста жүреді. Маңдайларына жазғаны осы шығар, дегенмен, адамның өмірі өз қолында емес пе?! Өздерін жақсы қырынан көрсетіп, азамат атына лайық ұстаса, кондукторлықтың статусы жоғарылар ма еді деп қоям кейде...

+0
20 наурыз 2012, 18:57

Білмейм..... Қазақтың намысын аяққа таптап жүргендер қанша??? Қаршадай қыз жүрегінің осыншама ұлтжанды боларына кім сенген???!!!! Күнім!!!

+0
25 ақпан 2012, 15:09

Өскеменге келіңіздер!!!! Осында айтылғандардың ешқайсысы кездеспейді) Жеке басым кондукторларға ешқандай өкпе жоқ( автобустарға мінгенде ғана). Маршрутка туралы еш нарсе айта алмаспын, ар аялдамадан бір тобыр қой әкетіп бара жатқан көлікке ұқсайды))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев