Сыйлықтар жайлы эстафета

Сыйлықтар жайлы эстафета
жеке
блог

Мен, шын айтсам, сыйлыққа не керегін айтып, сыйлағандарын жақсы көремін. Өзіме қандай зат керек, соны айтамын, сосын соған байланысты ата-анам, сүйіктім сыйлық сыйлап жатады. Немесе ақша берсе, соған киім-кешек, ұсақ-түйек аламын. Мен үшін осы тиімді сияқты. Бұрын романтиканы, тосын сыйларды жақсы көріп, қалап тұрушы едім, есейген сайын практичная болып кететін сияқтысың )))

1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Сыйлыққа ақша бергенді онша ұнатпаймын. Бірақ сыйлық таңдап жүруге де уақыт керек, ал жұмыс басты адамдарға сұранып, сыйлық іздеу, алу біраз қиын. Банальный заттар: жігіттерге қаламсап, оттық, қырынатын бұйымдарды, жалпы дайын, арзан дүниелерді сыйға тартқым келмейді. Қыздарға да: қораптағы крем-мрем сияқты заттар. Бірақ ақшаң аз болғанда басқа альтернатива жоқ. Сонымен қатар оригиналды сый іздеуге де уақыт керек...

2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Мен ешқандай сыйлықтан бас тарта алмайтын сияқтымын. Бірақ өзіме ұнамайтын жігіт қымбат сыйлық сыйласа бас тартар едім. Өйткені, сыйлығын алған соң оған міндетті сияқты болып қаласың. Ал мен ешкімге міндетті болғым келмейді.

3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Маған кішкентай болса да сүйкімді, талғаммен таңдалған сыйлар ұнайды. Сыйлық беретін адам менің жан дүниемді танып, біліп, осы оған ұнайды-ау деп таңдаған сыйлықтар күшті. Тіпті жай ғана брелоктың өзі сондай сүйкімді болуы мүмкін. Орысша айтқанда, «мелочь, а приятно».

4) Өміріңіздегі есте қалған сый?

2009 жылы ғой деймін, ұялы телефонымды ұрлатып алған едім. Сол кезде агентте бір жігітпен сөйлесіп жүргенмін. Сөйтіп, оған ұялы телефонымды жоғалтып алдым деп мұңымды шақтым. Дәл сол уақыттары ақша жағынан да қысылып, жаман болып жүрген едім. Бір мезетте ана жігіт маған адресіңді айт деді. Не үшін десем, сотка салып жіберемін дейді. Мен басында қалжыңдап тұрған шығар деп ойладым, ойнап, жұмыстың адресін бере салғам. Сөйтіп ол маған интернеттегі онлайн-дүкендердің адресін жіберіп, көрсетіп жатыр. Қой, керек емес десем де болмай, бір күні ұялы телефоным поштамен жұмысыма келді. Әріптестерім аң-таң. )) Сол жігіттің сауабы он есе арта берсін деп тілеймін ). Сол телефонды әлі күнге дейін ұстап жүрмін.

5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

Мені ешқандай сыйлар жалықтырмайды. Сыйлықтарды жақсы көремін, не сыйласа да қабыл аламын. Ең бастысы көңіл ғой. Ол адам мені ойлап, барын берді. Тіпті әкелген бір қорап конфетке де риза боламын.

Эстафета жалғасын * Shaihistamova, қабыл ал! ))