Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР

СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР

СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР

Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, кіріңді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.

Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.

Бес жасқа толғаныңда, анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.

Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

 

Авторы: Ұлықбек Алиакбарұлы

17127 18
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 24 ақпан 2012, 11:12
Тегтер: Ұлықбек Алиакбарұлы, блог
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 11:44

дұрыс айтылған. Ананы құрметтейік

+0
24 ақпан 2012, 11:49

Еееееее де...

+0
24 ақпан 2012, 11:49

Анау жаққа жазғанымды мынау жаққа жазайын ба? )) Аналарымыз аман болсын, иншаллах

+0
24 ақпан 2012, 11:53

Ол жақтың да тұрғындарын ойлап жариялап едім. )))

+0
24 ақпан 2012, 11:55

Дұрыс)))

+0
24 ақпан 2012, 15:31

Анамды әдеттегіден де қаттыыыыыыыыыыы сағынып кеттімғой!Шынында да мына дүниеде анадан асқан асыл,ардақты адам жоқ қой!

+0
24 ақпан 2012, 16:05

Оте керемер жазылган!!! Аяулы аналарымыз аман болсын!!!

+0
24 ақпан 2012, 16:36

өте әсерлі жазылған екен! Авторға Алланың нұры жаусын!

+0
24 ақпан 2012, 16:40

Мамамды қатты сағынып кеттім гой!

+0
24 ақпан 2012, 17:25

Қандай асқар болса да, АНА алдында аласа екені даусыз ғой!!

+0
24 ақпан 2012, 20:02

Шынымен әсерлі екен. Мен анамды жанымнан артық жақсы көремін. Мына сөздер адамды шынымен-ақ елжіретеді екен.....

+0
24 ақпан 2012, 21:00

Мен анам үшін әлі де кішкентай сияқтымын, осы күнге дейін еркелеп отырамын. Анамнан артық ешкімді қатты сүймеймін. Ең басындағы сөздерді оқып, жүрегім езіліп кетті. Шынымен, бала кезіңде ештеңе ойламайсың, еркелеп жүре бересің. Ананы бір, мынаны бір былықтырып... Аналарымыз аман болсыншы!

+0
25 ақпан 2012, 02:22

Аллага шукир менин мамам омирдеги ен Бакытты Ана!!!!!!!!!!!!!!!

+0
25 ақпан 2012, 11:50

Ана Ана Ана...Мангилик сен гана..!!)

+0
25 ақпан 2012, 12:55

Дұрыс айтылған сөздер!

+0
25 ақпан 2012, 12:56

Мен анамды жақсы көрем, анама "мама, мен сені жақсы көрем!"деймін."Сен тек қана бақытты болуың керек!" деймін сосын. Мамам менен, мен мамамнан күш алам, ренжіткен кездерім көөөөп болды, бірақ мамам оларды тез ұмытты... Қазір мамамнан жырақта жүрген соң, барлық қателіктерімді түсіндім!.. Мама мен үшін өмірімдегі ең бірінші адам...

+0
02 наурыз 2012, 17:44

Ак сүтіңді, ақ пейілмен ақтармын мен АНАЖАН!!!!! Жақсы жазылған, жарайсың жаным!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев