Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Президент болмасаңыз да...

Президент болмасаңыз да...

Президент болмасаңыз да...

Біздің буын, менің замандастарым, құрдастарым елбасымен бірге өстік десем артық айтқандық емес. Ес білгеннен оның жылы жүзін, жетістіктерін, жүрген жолын теледидардан көрумен болдық Тіпті, менің інім алғаш рет Назарбаветы "ата" деп айтқан болатын. Теледидардан, газет-журналдан көрсе "ата, ата" деп қуанып кететіні бар еді)) Бірақ, біз оны тек президент, саясаткер, білікті көшбасшы ретінде ғана танитынбыз, мектепте де өмірбаянын жаттап өстік емес пе?

Бірер жыл бұрын университеттегі Жолдасбек ағай ҚазҰУ-дың кинотеатрына "Балалық шағымның аспаны" аталатын фильмді көруге алып барды. Сол кезде ғана Назарбаевтың туған жері, өскен ортасы туралы жақынырақ білдім. Ал бірер күн бұрын осы фильмнің жалғасы саналатын Р. Абдрашовтың "Елбасы жолы" киноэпопеясын көру мүмкіндігі туды. Оның не туралы екендігін баяндап жатқым келген жоқ. Жалпы түйгенімді айтайын.

Біліп қойыңыз, бұл жазба арқылы біреуді мақтап, оған табынып жатқаным жоқ. Барды бар, жоқты жоқ деп айтқан дұрыс. Біз әдетте шетелдік тұлғалардың өміріне қызығып, оның айтқан сөздерін құрандай жаттап аламыз, еліктейміз. Бірақ, нағыз үлгі алатын адамның жанымызда, көз алдымызда жүргеніне мән бермейміз. Меніңше, Назарбаевты көп жағынан үлгі тұтуға әбден болады. Ол үшін жақсы тұстары жетіп артылады. Және оның менталитеті бізге ортақ. Дүниеге келген жері қандай керемет, әжесі, ата-анасы, мұғалімдері... Ондай адамның мықты болмауға қақысы жоқ. Оның айтқан қанатты сөздерін мән бар, сабақ алуға болады. Ол да пенде, сондықтан кемшіліктері жетіп артылады. Басшылықта болған соң бәріне жаға алмайсың. Солай бола тұрғанымен әлем мойындаған адамды жоққа шығаруға тағы болмайды.

Шындығын айтқанда, фильмнен кейін оған деген құрметім арта түсті.  Әсіресе, махаббат жағына келгенде ваще ғашық болып қалдым))) Не деген романтик! Нағыз джентльмен! Анардың сөзімен айтқанда "красавчик"))). Ата-анасына, әсіресе, әкеге, досқа деген құрметі сыйлауға лайық. Біреулер айтатын шығар, ертегіге сеніп, не қиялдап отырсың, аңқаусың деп) Оған да көндік) Естіп үлгердім, фильмнен шыққан соң бір "кісі" (оқып отырсаңыз, ренжімеңіз) дәл солай айтты да. Мемуарлық туынды болған соң ондағы оқиғалар шынайы оқиғамен, көрген адамдардың айтуларымен түсіріледі деп ойлаймын.


Елбасы бір сөзінде "Металлургия – менің алғашқы университетім, ал Теміртау – елімді әлемдік кеңістікке еркін жүзуге алып шыққан құрышты кемем" деген секілді сөздерді айтады. Оның жастық шағындағы оқиғаларға қарап отырып адамды қатайтатын, адамды өсіретін, төзімді ететін қара жұмыс, қиындық деп түсіндім. Кейде, сабақ, жұмыс, курс, анау-мынау деп үйге барып сұмдық жұмыс бітіріп келгендей міндетсініп құлайтыным бар. Фильмді көріп отырып осыным үшін қатты ұялдым. Және мақсаттарым біршама өзгергендей болды. Қиындық көрмеген адам ешқандай биікке жете алмайтын сияқты. Және білім. Алғашқы фильмде оның бірнеше шақырым жердегі мектепке таң атпастан жаяулатып барғанын көріп бір сүйсінсем, университеттегі, қызметтегі кездеріне қызғанышпен, қызығумен қарадым. Мен айтпаймын, шыңға тек адал жолмен, жеке күшпен шығуға болады деп, ол шыңға шыққаннан кейін де тұрақтап қалуға, одан әрмен өрлеуге тек өзіңнің шынайы қасиеттерің арқылы ғана мүмкіндік аласың. Сол кезде ғана сенің ақиқат бейнең ашылады. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы өзін дәлелдеп келеді. Уақытты ұтымды пайдалануға, көруге, үйренуге, білуге ұмытылайықшы, президент болмасақ та бір отбасын мықты басқаратын адам болып қалыптасамызFrown. Мен соған сенемін...

15
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 15 желтоқсан 2013, 21:53
Тегтер: "Елбасы жолы", президент, елбасы, Н.Назарбаев туралы, адам

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.