Блог құрылтай`12 жаңалығы: Баяндамалар жинағы

Блог құрылтай`12 жаңалығы: Баяндамалар жинағы
жеке
блог

Жинақты не үшін шығарамыз?

    *     Блогкемпке қатыса алмағандар немесе әлдеқандай себеппен қандай да бір презентацияны тыңдай алмағандар үшін, презентацияның жалпы идеясын нақтырақ түсіну үшін қажет. Себебі көпшіліктің айтуы бойынша, сайтқа қойылған презентациядағы ақпаратты түсіну қиындық тудырады;
    *     Келесі жылдарда болатын блогкемптің концепциясын жасау барысында демеушілерге көрсететін көрнекі материал, дәлел ретінде қажет;
    *     Әр жылғы блогкемпте өткен жылды қорытындылап, анализ жасауға септігін тигізеді.

Презентация баяндамасы деген не?

Презентация баяндамасы – блогкемпте жасалатын презентацияның мәтіндік қысқаша түсіндірмесі.

Презентация баяндамасы – ғылыми немесе публицистік мақала емес, сондықтан оны жазудан қорықпаңыз.

Баяндама мәтінін сәлемдесуден бастамай, бірден мәселенің қойылуына көшіңіз.

Презентацияда айтуға тиіс идеяңызды мейлінше қарапайым тілмен толықтай жеткізуге тырысыңыз.

Мәтінді көркемдеу мақсатында қиын да түсініксіз сөз иірімдерін, пафосты үндеулерді қолданудан аулақ болыңыз.

Презентация баяндамасын info@blogcamp.kz адресіне Баяндама деген тақырыппен жіберіңіз.

Презентация баяндамасын қабылдау 10.03.2012ж. сағ. 23:59-да аяқталады.

Ескерту: Презентация баяндамасын бізге жібермеген  адам, құрылтайға қатыса алмайды дегенді білдірмейді.

Тек қана баяндамалар жинағына енбей қалады. Бұл жинақ құрылтайға әр келген адамға беріледі. Осы жинақтағы баяндамалардың арасында сіздің де ойыңыз белді орын алып тұрса жақсы емес пе?
Егер презентация тақырыбын ойластырып қойған болсаңыз, жаймендеп баяндамаға кірісе беруіңізді сұраймыз.

Форматы бойынша толық ақпарат мына жерде.