Есіңде ме?

Есіңде ме?
жеке
блог

Есіңде ме сол күндер, тәтті арманым,
Ең алғашқы киноға ап барғаным.
Есіңде ме?
Жүрегім тулап жатып,
Сезімімді ең алғаш ақтарғаным.

Жанарыңмен айтушы ең есіңде ме:
«Кінә іздей бересің несін менен?!»
Мәңгі бірге боламыз деп серттескен,
Сол саябақ, сол бір кеш есіңде ме?..

Сен тоңбасын деп өзім мұздағаным,
Шығарып сап үйіңе жүз барғаным.
Есіңде ме, қит етсе ашуланып,
Болмашыға мен сені қызғанғаным?

Арамызда кедергі болды өзендер...
Мазаббат та, қызық та мол кезеңдер.
Есіңде ме, жаным-ау, есіңде ме,
Жанарменен тілдескен сол кезеңдер?

Кеңге жайып махаббат қанатын біз,
Өшпес арман алауын жағатынбаз...
Көрмей қалсақ бірер күн, есіңде ме,
Сағынысып, сарғайып қалатынбыз.

Алып-ұшқан көңілдер тұр есімде,
Еске аласың, жымиып күлесің де...
Сол шақтарды көрмесек сағынысқан,
Мен өлердей сағындым, білесің бе...

Алпамыс ФАЙЗОЛЛА