Еліктеу хақында

Еліктеу хақында
жеке
блог

Сәлем, массагеттік достар! Массагет ауылына келуге уақыттың тығыз болып жүргені, әйтпесе жазып, сіздермен бөліскім келетін тақырыптарым баршылық. Түсінесіздер ғой...

Қысқаша жаңалықпен бөлісейін: Қапшағай, Талдықорған, Ақтау қалаларында жеке концерт бердік. «Кеш жарық» пен «Жарайсың» бағдарламалары арқылы экраннан көрініп қалдық. Қазір Дүйсенхан Сыздықовтың концертіне баруға дайындалып отырған жайымыз бар.

Алғашқы жазбама қатысты білдірген пікірлеріңізге үлкен рақметімді айтамын. Мен үшін әр массагеттіктің пікірі құнды. Сол жерде бізді «еліктегіштер» деп сынағандар болыпты. Тек массагетте емес, біраз жерде бұл туралы пікірлерді естіп жүрміз. Бірақ, мұны еліктеушілік дегеннен гөрі, жай ғана «ұқсастық» деп білген дұрыс деп ойлаймын. Себебі, біз сахнаға шыққан жылдары Ғ-4 сериалы әлі экраннан көрсетілмеген болатын. Кәрістің сериалдары қазақ телеэкрандарынан көрсетіле бастағанда бізді оларға ұқсатушылар көбейіп кетті. Әрине, бұған реніш не болмаса қарсылығымыз жоқ... Бар болғаны, тыңдарман біздің оларға еліктемейтінімізді білсе ғой деген тілек қана... Еліктеуге тұрарлық, МузАРТ, Дос-Мұқасан сияқты жезтаңдай әнші ағалардан құрылған топтар көз алдымызда жүргенде, Ғ-4-ке еліктеу — бізге тым жат.

  Ұлы Аллахтың жаратқан келбеті осы, әлемнің өзге бұрышындағы төрт жігіт пен біздің ұқсастығымыз көпке «еліктеушілік» болып көрінеді...

Достар, ақпан аяқталып келеді. Көктемді асыға күтіп жүрген боларсыздар! Амандықта жүздесе берейік! Сау болыңыздар!