Чех еліндегі күндерім. «Samsung Forum 2012» шарасы

Чех еліндегі күндерім. «Samsung Forum 2012» шарасы
жеке
блог

Күні кеше Чех елінде Samsung Electronics компаниясының ұйымдастыруымен «Samsung Forum 2012» шарасы өтті. Шараның мақсаты мен компания жоспары туралы алдыңғы жазбамда айтқан болатынмын. Сондықтан да, осы жазбамда компанияның 2012 жылы жарыққа шығатын жаңа өнімдері жайлы толығырақ тоқталсам деймін.

Wi-Fi модулі бар SMART фотокамерасы

Бұл кіп-кішкентай камера келешекте usb-кабелін қажет етпейтін болады. Себебі, SMART фотокамерасының өзгелерден басты ерекшелігі: оған Wi-Fi модулі орнатылған. Камераның үш моделі бар: WB850F, WB150F, ST200F. Олар бір бірінен оптикалық зум қуаттылығы мен сурет сапасының жоғары болуымен ерекшеленеді.


Кішкентай ғана жеңіл камера алып жүруге өте ыңғайлы әрі көп қуатты қажет етпейді. Енді кез келген жерде, кез келген аймақта сіз жақындарыңыз бен достарыңызға дәл қазіргі сәттегі көңіл-күйіңізді камерамен түсірілген фотосурет арқылы көрсете аласыз. Wi-Fi арқылы жаңа түсірілген фотосуретті электрондық поштаңызға я FaceBook, Twitter сияқты танымал әлеуметтік желідегі аккаунтыңызға сала аласыз. Компания басшылары келешекте ТМД елдерінде кең танымал әлеуметтік желілердің бағдарламасын камераға енгізуді жоспарлауда.


Сондай-ақ, ақылды фотокамера кез келген уақытта мұрағатта қалып қойған я абайсызда өшіріліп кеткен фотосуреттерді қалпына келтіреді. Камерадағы әр түрлі функциялар арқылы сіз өзіңіздің жеке альбомыңызды ашып, әрбір суретіңізге әр түрлі өзгертулер енгізе аласыз.

Тоңазытқыштар топтамасы

Samsung Electronics компаниясы ұсынып отырған тоңазытқыштар инверторлық компрессорлармен жабдықталған. Бұл электр қуатын тиміді пайдалануға, температураның бір қалыптылығын сақтауға, шудың төмен болуына ықпал етеді.


Тоңазытқыштарда орнатылған бағдарламалар жұмыс істеу жылдамдығын арттыру я кеміту, салқындату кезеңін, қоршаған орта температурасын қадағалайды.

Ішкі және сыртқы температура өзгерген кезде инверторлық компрессор салқындату жиілігінің бес деңгейі арасында жұмыс істейді. Осы арқылы ол бір минут ішіндегі температура айналымын жоғарлатады немесе төмендетеді.


Асүйдің басты жиһазы болып саналатын мұндай тоңазытқыш электр қуатын тиімді пайдаланып, коммуналды қызметке төленетін ақша-қаражаттарыңызды үнемдейді.

Енді пульт қажет емес

Теледидардың арнасын ауыстыру үшін бұрындары үйдің кішісін «Анау пернені басып келші, ақылдысың ғой» деп мақтап-мақтап жіберетін еді. Сол заманның пульті саналатын үйдің бұзығы арнаны жүгіріп барып ауыстырып келетін. Келе-келе бала да өсті, өркениет дамып, пульт пайда болды. Арнаны ауыстыру үшін пультқа таласатын болды.


Енді мұның барлығы артта қалды. Samsung Electronics компаниясы пультті қажет етпейтін жаңа Smart TV өнімін ұсынып отыр. Осы уақытқа дейін теледидарды сіз көрсеңіз, енді ол да сізді көретін болады. Теледидарды қосқан кезде, сіз әуелі онымен сәлемдесесіз.  Ол сіздің дауысыңызды, бет құрлысыңызды танитын болады. Содан кейін арналарды қолыңыздың қимылымен ауыстыра аласыз.

Бұл өнімнің үш инновациялық негізі бар: Smart interection (Ақылды басқару); Smart content (Терең мазмұн); Smart evolution (Жетік эволюция).

Smart interection (Ақылды басқару)

ES8000 флагматикалық теледидар -  Super OLED жаңа технологиясыен шығарылған тұңғыш теледидар. Интернет желісіне қосылған бұл теледидар өз қолданушысымен тікелей қарым-қатынаста болады. «Сәлем, теледидар» сөзінен қосылып, интернет, арна т.б. бағдарламаларды ұсынады. Дауысыңызды шығару арқылы сіз осы бағдарламаларды таңдай аласыз.

Smart content (Терең мазмұн)

Интернетке қосылған теледидар 300-ден астам қосымша функцияларды қолдануға жол береді.

 Family Story деп аталатын қосымша арқылы отбасылық фотосуреттерге толы альбом жасауға,  Kids қосымшасы арқылы кішкентай балаларға арнайы бағдарлама құруға, Fitness қосымшасы арқылы өзіңіздің денсаулығыңызды қадағалауға болады.


Smart evolution (Жетік эволюция)

Бұл инновация арқылы кез келген қолданушы өз теледидарындағы көнерген қызметтерді жаңарта алады. Samsung system-on-chip жаңа технологияның көмегімен сіз ескі теледидарыңызға жаңа серпіліс беріп, басқа теледидар сатып алу туралы ойламайсыз. 2012 жылы шыққан теледидарды жаңартатын Samsung Evolution Kit сатылымға 2013 жылы шығады. 

Жоғарыда аты аталған қмірімізге қажетті дүниелермен қатар, форумда келесі өнімдер ұсынылды:

  •  «Eco Bubble» кір жуғыш машинасы
  • «Samsung 9 Series» мониторы
  • «O'Table» пісіру/қайнату тақтайшасы
  • «OmniPro» пеші және т.б.

Бұл өнімдерге толығырақ алдағы күндері тоқталатын боламын.


Суреттер үшін Samsung компаниясының қызметкерлеріне рахмет))