Бір ғана арманды орындауға 12 мың адам жұмылды

Бір ғана арманды орындауға 12 мың адам жұмылды
жеке
блог

Сан-Франциско қаласының 12 мың тұрғыны дертке шалдыққан баланың арманын орындау үшін өз қалаларын Готэм-ситиге айналдырды. 5 жасар Майлс Скоттың арманы Готэм-ситиде – фильмдегі Бэтменнің қаласында болу екен.

Бұл керемет көріністі Make a Wish қоры ұйымдастырыпты. Белгілі болғандай, бұл қор ауыр ауруға шалдыққан балалардың арманын орындау мақсатында жұмыс істейді екен. Ұйымның бұл жолғы кейіпкері Майлс лейкемия (аққан) ауруына шалдыққан. Жылдар бойына емделген оның денсаулығы әзірде де аса ауыр жағдайда дейді оның дәрігерлері.

Зұлымдықпен күресетін Бэтменнің «қарапайым» бір күнін өткеруге шыққан балаға Сан-Франциско қаласының полиция шефі теледидардан үндеу жасады.

Үлкен-Бэтмен бастаған топпен Бэткид (Майлсты ұйымдастырушылар осылай атапты) қылмыскерлердің алдын орап, бір әйелдің өмірін құтқарып қалады, банк тонаушыларын тоқтадады, ал кейін қаланың символы саналатын Лу атта итбалықты бұғаудан босатады.

Құрықталған барлық қарақшы да түрмеге тоғытылады да қаптаған адам көшеге шығып, Бэт-мобильмен келе жатқан Бэткидті қолдап, шапалақ ұрады. Бұдан кейін оны қала мэры мен полиция басшылары арнайы құттықтап, алғыс айтады.

Салтанатты шара кезінде де Майлс Бэтмен киімінде еді. Қала басшылары сөйлеп жатқан кезде де ол қуанышын жасыра алмай тұрыпты.

«Бэткид, сенің ерлігің мен өмірің біздің жүрегімізді жаулап алды» деп мәлімдеді Эл Ли. – қаламыздың көшелері сенің арқаңда қауіпсіз болды».

Міне, осылай, біз жақтырмайтын, біз қиял ғой деп, қолды бір сілтей салатын кейіпкерлер адам өмірін нұрлы ете алады. Бұл дегеніңіз - балалар үшін еңбек етіп жатқан адамдарды (кейіпкер авторларын) ерекше құрметке бөлеуіміз керек деген сөз.

Қоғамымыздың да қалтарыс-бұлтарыстарын осындай жарқын мысалдармен түзесек жараспай ма?

P.S. Осындай мысалдарды көбейтсек, мүмкін біз де өзіміздің қоғамды жақсы, мейірімді болуды үйрететін шығармыз? Одан да бірінші - өзімізді тәрбиелеп алар едік. Әрқайсымыз жақсылық жасауға ұмтылайықшы. Әйтпесе ақымақтар бар және олар көп...

Дереккөз: www.adme.ru