Біздің Макакайлар!

Біздің Макакайлар!
жеке
блог

Мой мирде суреттер қарап отырып Макакайларды көріп  есіме түсіп кетті, сіздермен бөліскім келіп кетті. Әр үйде мұндай Макакайлар. бұзықтар бар ғой! Балалы үй базар - дегендей, біздің үйде сондай бір бұзық бар. Бәрін шулатып, жылатып ойнап, секіріп заводной игрушка сияқты жүгіретін. Оған атасы - ат, апасы айтқанының бәрін істейді. Жасы 2,5 да, інімнің ұлы. Макакай - деп отырғаным інімнің қызы, Перзентханадан шығарып әкелген күні жаңағы бұзыққа Толғанай деп айт десең әдемілеп тұрып «Макакай» деп қатырған, содан бері ол кішкентай Толғанайды – Макакай деп еркелетіп кеттік. Бетіне қарап отырмасаң баж етіп шыңғырып іздейді жалғыз қалып қойдым ба, деп. Бесікке бөлесе оны бір адам тербетіп отырмаса ұйықтамайды, ояу болса қолда селкілдеп көтеріп жүресің, отырсаң тыжырынып жылайды тұр деп.  

Өткенде тойға келгенде сіңілімнің қызын көріп, өз қарындасын бір қарайды, сіңлімнің қызына бір қарайды аң-таң, кім ол деп сұрасақ  2 Макакай дейді. Күлкіден өлдік. Содан оған кішкентай баланың бәрі Макакай болып кетті, Содан бері кішкентай бала көрсем Макакай дейтін болдым мен де, Шахнұрдың тілімен!

Сол тойға келгенде суретте тұрған сіңілім бірдемеден қой деп ұрсыпты, сөйтсе барып фоторамкамад тұрған фотосының көзін шұқып тастапты.Cry

Мынау біздің Макакайлар, арлары 40 күн

Макакай 2

Макакай