«Алпамыс келді»

«Алпамыс келді»
жеке
блог

Тақырыпты «Алпамыс келді»  деп қойғаным менің мамамның ұраны :), жиі қолданады осы сөзді!

Қыздардың "Жүректе қалған сөздер" блогтарын оқып отырып иә, анау былай айтады ғой ылғи деп ойлап отырмын. Тағы осыған ұқсас біздер кейде шошынғанда, бірдеме тарс ете қалса немесе бір зат қолымыздан оқыс түсіп кетсе т.б сондай жағдайларда әрқалай реакция береміз ғой, сондай кезде айтылатын сөздер болады ғой коренной сөзі әркімнің. Көбінше «Бісміллә, ойбай, астапралла т.с.с» сөздерін айтамыз. Әркім әрқалай реакция беріп жатады. Осындай 3 коренной сөз мен көп естиді екемін.

Менің мамам ондай жағдайда – «Алпамыс келді» деп айтады, есімді білгелі әлі күнге дейн мамам осылай айтады. Бұның себебін айта кететін болсам: әпкем Айгерім кішкентай кезінде жыласа соны алдандыру үшін әне Алпамыс келді деп алдайды екен, содан әдет боп кеткен J мамамның коренной сөзі «Алпамыс келді» мамамның қайнағасын баласы (екеуі қатар әпкеммен). Оған бәріміз үйреніп кеткеміз, мама Алпамысты шақырып жатыр деп күлеміз!

Апам (мамам мамасы) – «Асан, Майра келе жатыр» осылай айтады әлі күнге дейін, кезінде Асан мен Майра оң қолы болған - ау шамасы, бірақ неге бұлай айтатынын сұрамаппын. Асан өзінің үлкен ұлы, Майра өзінің қызы.

Көрші әйел Нұрбике деген, мұндай кездері «Ермек»  - дейді, өзінің күйеуі ол кісі неге бұлай айтатынын да білмейді екем, сұрамаппын. Бірнеше рет ол кісіден де байқағам.