АЛАЯҚТАРДЫҢ МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....(жалғасы)

АЛАЯҚТАРДЫҢ  МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....(жалғасы)
жеке
блог

   Жандос уйіне қайтып келгеннен кейін, нағашысы бар таныстарын салып, не болғанын қандай дәлелдер барын тексеруге тырысты.. Жандос болса өз кезегінде бөлмесінен шықпай тамақ ішпей, өмірге деген ұмтылыссыз қалды, бар арманы көкке ұшты Жандостың.  осылайша күндер өтіп жатты....

Жанар телефон соғудан шаршамайды, Жандос селқос сөйлеседі де, телефонды қоя береді, трубканың артында Жандостың қиналып жатқанын, жылап алған кездерін де сезді Жанар....Жандостан оқиға туралы сұрағанымен мәнді  жауап ала алмады. тек айтатыны: "мен кінәлі емеспін, маған сенші сүйіктім, өтінем мені тастамашы".  Жанар сүйіктісімен кездескісі келді, бірақ Жандостың жағдайы анау... Ол кездесе қоймас деп шешті, мен өзім қадамдар жасайын сүйіктім үшін деген оймен, Жандостың қарындасына хабарласты, оның да көңіл қошы жоқ екен, қарындасына анасымен сөйлескісі келетіні айтты (анасымен таныс еді, Сол жылдың Жаңа жыл кешінде үйіне апарып, бүкіл жанұясымен Жанардың таныстырған еді, Жандос Жанардың оқу бітіргенін күтіп жүрді үйлену үшін...).. Анасы телефон тұтқасын алып, Жанармен әңгіме басталмай жатыр, жылап жіберді, Жанар да көз жасын жасыра алмады. Анасы ертең сабағыңнан босасаң, үйге Жандостың қасына соғып кетуін қалады, Жанардың қуанышында шек болмады, күткеніде осы еді ғой, "жарайды" деді де телефон тұтқасын қоя сала Жандосқа хабарласты, сүйіктім мен ертең сеніің жаныңа барамын, естимісін, анаңмен сөйлестім мені үйге шақырды, сенің жаныңа деп бар қуанышын жайып салды, Жандоста тұтқаның арғы жағынан қуанғаны сезілді, "сүйіктім, жаным тамақ жемей жүргеніңе қаншама күн болды, не қалайсын? мен соны апарып берейін айтшы" деді еркелеп, Жандос:"сен керексін маған, жаным, Жанарым"деді, "мен барамын ғой міндетті түрде, сен не жегің келеді "деді:-"мүмкін сүйікті питьевой йогуртыңды ішкің келетін шығар, қандай жемістер қалайсын??", "өз еркің білсін, мен тек сені көргім келеді, басқа ештеме керек емес"деі Жандос.

Жанар келесі таңды әрең атырды, түнімен Жандосын ойлап шықты, уффф таңда атты ғой, тұрып сабағына барып, түс ауа сүйіктісінің жақсы көретін заттарын алып, сүйіктісінің үйіне барды.. Қарындасы күтіп алды, үйге кіріп еді, үйінде Жандостың анасы, әжесі, әкесі, қарындастары бар екен, бәрінен саулық сұрасты, анасы уақытты созбайын деп: "Жандос бөлмесінде" деді, Жанар Жандостың бөлмесіне кіріп еді, сүйіктісін танымай қалды, адам қайғыдан осыншама аз уақытта танымастай өзгеріп , жүдеп кетеді екен ғой, Жандос болса, бүк түсіп басына плетін жауып алып жатыр екен... "Жаным, қалайсың???"деп еді Жандос плетін тастай сала суйіктісіне қарады. екеуі ұзақ сөйлесті, Жанар  әкелген заттардан Жандостың аузына салды, қарындасы шай,тамақ әкелді, барлығын Жандосқа тауысып жегізуге тырысты. Жандостың көңілі бір марқайып, серпіліп қалды. Жанар Жандоспен, уй ішіндегілермен қош айтысып үйіне қайтты, бірақ жол бойы бар ойы Жандоста болды, нақтырақ айтқанда Жандостың қазіргі бейнесінде, көзіндегі бос жанарында...

 

(Жалғасы бар...)