"Сіздей мені аялаған жоқ ешкім"

блог
Сіз білесіз бе сағыныш дейтіннің қандай болатынын? Білесіз ғой, иә? Білесіз... Онда неге мені түсінбейсіз? Менің кейде Сізбен қатты сөйлескім келіп кететінін, Сізді көргім келетіндігі сондай, қанат байлап, ұшуға да дайын болатынымды Сізге жету үшін... Сізге еркелегім келетінін... неге түсінбейсіз? Бүгін де хабарсызсыз... Менің Сізбен жай ғана сөйлесіп отырғанымның өзі керемет қуаныш сыйлайтынын, өзімді кереметтей бақытты сезінетінімдігін түсінбейсіз... Қалайша? Біздің жанымыз бір деп ойлаушы едім ғой мен...
Кейде мен өзімді де, Сізді де түсінбей кетемін... Сізді неге ойлаймын? Менен алыстаған сайын өзіңізден кете алмастай етіп матап тастайтындай не құдіретіңіз бар? Айтыңызшы маған...
Алғаш тілдескенде-ақ жүрегімді сұрап алғансыз... Бермеп едім жүрегімді, бергім келмеген... Ал Сіз ұрлап алыпсыз оны маған сездірмей... Қайтарыңыз жүрегімді өтінемін... Қашанғы шыдар дейсіз жүрексіз...
Мен жылаған жоқпын, сенесіз бе, түк те қиналғам жоқ. Рас айтам. Сізсіз де күлемін, Сізсіз де қуаныштымын. Күндерім тамаша өтуде! Тек Сізді көргім келіп кететіні болмаса, бәрі керемет!
Сізге жылылық қалай керек болса, маған да сол жылылық керек... Мені бұрынғыдай сүйіңізші, еркелетіңізші, өтінем... Мен Сізді сағындым ғой...
Сіз ше? Мені сағынасыз ба? Ойлайсыз ба бір сәт? Әлде... жооооқ, Сіз ондай емессіз, мен сенемін ғой Сізге! Өзіме қалай сенсем, Сізге де солай сенем. Тек... Сіз сол сеніміме сызат түсірмеңізші, жарай ма?