Еуразия Ұлттық Университетінің журналистерімен кездесеміз

Еуразия Ұлттық Университетінің журналистерімен кездесеміз
жеке
блог

Сәлем, достар! Демалыс қалай өтуде? Cool

Ал біз 25 қараша күні Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінде болатын шеберлік сыныбына дайындалудамыз. Laughing

Сіздер шатасып қалмас үшін болатын жерді тағы бір мәрте нақтылайық.

Уақыты: 25 қараша

Орны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің оқу ғимаратының 106 аудиториясы (№4 ғимарат) 

Сағаты: 14.00

Осыған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенттерімен кездескен болатынбыз. Олар керемет белсенділік таныта отырып, кездесуді есте қаларлықтай етіп өткізген-ді Kiss

ЕҰУ-дің болашақ журналистері де қалыс қалмайды деп сенеміз Wink Өйткені (құпия ретінде айтайық) шеберлік сыныбында белсенділік танытқан студенттерге арнайы сыйлық арқалап барғалы отырмыз...

Айтпақшы шеберлік сыныбына Астанада тұратын кез келген адам келе алады. Есігіміз ашық! SmileКеліңіздер! Massaget.kz пен ЕҰУ cіздерді асыға күтеді! 

Сурет: yvision.kz