АЛАЯҚТАРДЫҢ МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....(жалғасы)

АЛАЯҚТАРДЫҢ  МАХАББАТҚА ӘМІРІ ЖҮРМЕЙДІ....(жалғасы)
жеке
блог

Боран қызметкерлері екеуін қолын кісендеулі күйі қалалық ІІМ-не алып келді. Жандос әліде ештеме түсінер емес, екеуінің қолдарын шешті де, тордың ішіне кіргізіп жіберді, аз уақыт өткен соң тергеуші келді, бұларды қайтадан машинаға салып алып, наркологиялық диспансерге тексеруге алып барды, екеуіде ішпеген (ішуде мүмкін емес еді, өйткені Жандос тек Жанардың қасында отырыстарда ғана сырадан аз-маз ұрттайтын еді), екеуіде наша шекпеген, бірақ бұл жақтағылар не деген қортынды берері белгісіз. Бұл жерден шығып психикалық ауытқумен ауыратын аурулар жататын мекемеге алып келіп, жарты сағаттан көп психиаторлар сұрақтың астына алды, сөздерінен жаңылтпақ болды, бірақ екеуінің де есі дұрыс қой, барынша қарсылық көрсетіп жауап берді(достары айтатын еді армияға барар алдында сені өткізбес үшін неше түрлі сұрақтар қояды деп, рас екен, қинағанда да өте қатты  қинады, екеуін...). Психауруханадан шығып қайтадан қалалық ІІМ ғимаратына келді екеуін екі бөлмеге кіргізіп екеуін екі жақтан орган қызметкерлері қинай бастады, ұрды, соқты, кінәларын мойындатуға тырысты, Жандос бала кезінен өр көкіректі, тік мінезді адам болып өсті ғой, ол ешқандай да кінәсін мойындамады, ұрып соғуға көнді, морт сынған жоқ, ақылы өзінде болды, бәріне көнді,неге ол істемеген ісін мойындау керек? ал Ермекті қатты соққыдан құлағы естимей қалған ба, әлде қатты қорқып кеткен бе қылмысты мойындататын түсініктемесін жаздырып алыпты...

    Екеуін қамауға алып, түсініктеме жаздырып болғаннан кейін, Жандостың  туыстары таңға таман тапты ғой әйтеуір, олар келем дегенше бұлардың дымын қалдырмады ғой бірақ... Нағашысы жиенін көргенде есі шығып кете жаздады, мұны кім істеді, кім істеді мұны??? мен ешқайсысын бұлардың жазасын қалдырмаймын не деген сұмдық мынау? деп айқайлап жатты... Иә, ол сондай ашулы болды, қолында билікте болды оның өйткені...Сол таныс тамыр арқасында Жандосты да шығарып алды, "қаладан кетпеу туралы" қолхат жаздырып алды... Ермекті болса ата-анасы іздеп келді, оны көрген шешесі жындана жаздады, өзінің мінезі шаттақтау еді, "балама бірдеме болса барлығыңды шеттеріңнен жоямын, қырамын" деп бос сөздер айтып жатты... Баласын алып дереу ауруханаға тартты..

  (Жалғасы бар.....)