Ирониясудьбыңдыс...

Ирониясудьбыңдыс...
жеке
блог

Айта отырайын... Laughing

Бұл оқиға тек жаңа жылдың алдында ғана болмайды екен. Қай уақытта да болуы мүмкін еді...

Маған белгілі, сіздерге белгісіз бір себептермен бір отандық арнаның бағдарламасына пікірімізді сұраған. Кеше. Бүгінге келісіп алдық. Сағат таңғы 10-ға. Сонымен, жұмысқа келем. Айтылған уақыттан сәл кешіге әлгі журналист қыз телефон шалады. 
- Сәлеметсіз бе, кеше хабарласқан едім ғой, бізге нақты адресті айтып жіберсеңіз...
- Сәлем! Бегалин мен Байтасов. Республика сарайының артындағы аймақ.
- Түсінікті.
Күзет бөліміне арнайы құжат толтырып, келетін адамдардың аты-жөндерін жазамын. Дайындығым керемет. Біраз уақыттан кейін әлгі қыз телефон соғады. Жүргізуші ме, оператор ма, білмедім, әйтеуір жігіт мән-жайды түсіндіріп, нақты адресті тағы да сұрады. Мен айтып әлекпін. 
- Республика сарайының артын білесіз бе, Луганский көшесі.
- Иә
- Енді сол жерден солға бұрылыңыз, сосын оңға, сосын солға...
Әйтеуір таппады. «Бір үйлер соғылып жатыр» деп қояды арасында. Мен ойлаймын, қандай үй? Соғылып жатқан ешқандай үй жоқ еді ғой. Әй, жарайды, қазір өзім барып тауып аламын. 
Республика сарайының артына барамын да телефон соғамын: 
- Сіздер қайда тұрсыздар? Мен Республика сарайының артында Луганский көшесінің бойында тұрмын. Аварикамды жағып...
- Ой, біз ғой тұрған сарайдың артында. 
- Жан-жағыңызда не көріп тұрсыз?, - дедім таусылып. Әйтеуір бір таныс ғимаратты айтып, тауып аламын ба деген ой ғой.
- Сарай... ммм... Хазірет Сұлтан мешіті... Frown
- А?! Сіздер Алматыдасыздар ма өзі?! 
- Біз Астанадамыз...
Laughing Екі жақ та күтпеген күлкіге қарық болдық. Ішегім түйіліп барып, әрең тоқтадым. Арғы жақ та күлкіден құр қалмады, білем. 

Сөйтіп, олар Астанада, мен – енді жасалатын бағдарламаның болмай қалған кейіпкері Алматыда!  
Өлдім-ау, өлдім... күлкіден! Laughing