Менің пайымымдағы кино...

Менің пайымымдағы кино...
жеке
блог

                     Менің пайымымдағы кино...

        Экран-өмір айнасы. Оған ештеңені бүркемелеп өтірік жаза алмайсың. Ол қашанда қоғамда болып жатқан құбылыстардың жай-жапсарынынан хабар береді. Өткенді келешек ұрпаққа насихаттайды. Бүгінгі күннің басты жаңалықтарын пайымдап қана қоймайды. Оған ілесуге, көштен қалмауға бағыт-бағдар беру арқылы игі істерге жол сілтейді. Ал болашақта болатын құбылыстарды бүгінгі жастардың жай-күйінен ұғына алады. Сол үшінде әдебиетімізде, мәдениетімізде, дінімізде, тілімізде, экономикамызда, жалпы қоғамда болып жатқан құбылыстарды басты назарға ала отырып әрекет жасауымыз керек. Бұл біздің басты қағидамыз саналуы тиіс. Осы орайда оны қалай жүзеге асырмақпыз деген сұрақ ойыма орала береді. Әрине, бірінші кезекте келешек ұрпақтың қамын ойлау үшін басты кезекке экранымызды түзеуіміз қажет. Өйткені, теледидар еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көре алатын қолжетімді дүние. Бәлкім біреуіміздің үйімізде компьютер болмауы мүмкін, келесі біреуіміздің үйімізде интернет болмауы мүмкін, ал теледидарды кез келген адамның үйінен тауып алуға болады. Сондықтан бүгінгі күннің жағдайын пайымдауда теледидардан нақты қандай дүниелер көрсетіліп жатыр. Соған тоқталайын.

   Бір ғана Қазақстан ұлттық телеарнасының өзінде ұлттық мұрамызды ұлықтайтын дүниелер жетіп артылады. Оларға: «Тарих толқынында», «Туған елдің түтіні», «Ұлт мақтанышы», «Ұлттық өнім», «Ас мәзірі», «Заң және біз», «Олимп шыңы», «Сыр сұхбат», «Иман айнасы», «Менің Қазақстаным», «Жарқын бейне», «Ақсауыт», «Толағай», «Дауа», «Көкпар», «Алаң» сынды бағрламалар аса құнды мұраларымыз деуге болады. Алайда, уақыты шектеулі бұл бағдарламалардан біз бірінші кезекте барлық дүниені толыққанды көре алмаймыз. Өйткені, әр бағдарламаның өзіндік уақыттары болады. Ал кинодан ше? Жалпы алғанда менің пайымымдағы кино қандай қағидалармен жүріп, қаншалықты кемшін тұстарын жөндеу керек? Журналистік көзқарасым тұрғысынан өзімнің ұсынысымды айтып өтсем демекпін. Бұл киноны түсірген режиссердің шеберлігіне тікелей байланысты. Егер де кино тартымды әрі қызықты түсірілсе, ол ұзақ уақытқа созылғанымен кино соңында қалай тез аяқталғанын білмей қаласың. Ал қысқа уақыт болып, алайда ол адамды жалықтырып жіберсе, керісіншше ол саған бітпейтіндей көрінеді де, аяқталғанға дейін асығасың. Екінші кезекте кино қоғамдағы қай тақырыпты қозғамасын мейлі ол кішкентай мәселе болсын, мейлі үлкен мәселе болсын сол тақырыпты көзі қарақты көрерменге толыққанды жеткізе біліуі керек. Егерде бірінші эпизодтағы көрінсіпен екінші эпизодтағы көрініс бір бірімен байланыспаса, онда ол тағы да болмайды. Ондай жағдайда экранның ар жағындағы отырған көрермен ойында: «не үшін?», «неліктен?», «қалай»? деген сынды сұрақтар туындауы мүмкін. Режиссердің шеберлігі мықты болса, ол кино соңына дейін шешімі табылуы тиіс. Сосын үшінші кезекте кино жақсы жазылғанымен, бірақ ондағы актер, актриса, яғни кейіпкерлер өзіне берілген рөлдерін шынайы түрде алып шықпаса, онда киномыздың тағы да шала-шарпы шыққанына куә боламыз. Осы қағидалармен толықса, түсіріліп отырған киноны толыққанды атауға болады деп есептеймін.

    Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық телеарнасы деп аты айтылып тұрғанымен ұлттық дүниемізді насихаттайтын қазақ киносы әлі де кешуілдеп бара жатқан секілді. Өйткені, басқасы басқа Қазақстан каналынан тек қазақша кино түсірілгені жөн. Бүгінгі таңда кәріс пен түріктің сериалдарынан басқаны білмейтін бнолып барамыз. Өйткені, «Келін» атты үнді фильмініен 60 жастағы кемпірді 6жастағы қызбен алыстырып қоғаннан не пайда табады. Бәлкім бұл олардың салт-дәстүрінен, ол жақта қызды оқытуды аса құптамайтындығынан хабар берер, мұны біздің жастағы жандар мен үлкендер  түсінер, алайда 5жастағы бала оны түсіне қояр ма екен. Әрине, түсінбейді. Ол аппақ парақ секілді. Оның бетіне қалай жазасың ол соған сай жауап береді. Егер қатесіз, таза жазсаң ол өзгелерге үлгі болады. Ал шимайлап, шатпақ-шатпақ сөздерді қалай болса, солай жазсаң ол шимай-шатпақтан ештене түсіне алмайсыз. Сол себепті де ертеңгі ұрпағымыздың болашағы бұлыңғыр болмас үшін бүгінгі жағдайдың әлі де кеш болмай тұрғанда алдын алғанымыз жөн. Содан келіп, неге менің балам осындай болып өсті?» деген сұрақ санамызда туындамасына кім кепіл. Түріктің сериалдарынан алатын мүлдем тәрбие де, тәлім де көре алмаймын. Ондағы кейіпкерлер таңның атысы кештің батысы бір-бірін өсектеп, бірін-бірі көре алмаудан қолдары қалт еткен емес. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деген қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбев. Сол секілді жұмыс істемей фильмнің соңына дейін бір мәселені мыжғылап, сериал соңына дейін адамды қажытып, шаршатып жібереді. Осындай сериалдарды көремін деп біздің жас қыздарымыз және жас келіндер сонымен қатар жалпы келіндер жұмыс жасағысы келмейтін салғырттық қасиетке ие болды. Өйткені, телесериалдардың кез келгенін де бір махаббат машақатын тартумен келе жатқан жас қыздар болмаса, кәдімгі орта жастағы келіншектер. Тіпті әжелерімізге дейін санасын улап алған фильм десе де болады. Баланың ұйықтар уақыты болған да ертегі айтып, баланың ертеңін ойлайтын кездері азайып, түріктің телесериалдарына үңілеміз де отырамыз. Баланы кіналамас бұрын оны қалай тәрбиелеп жатқанымызға басты назар аударып қарап көрейікші. Егер де осы айтылғандар керісінше жақсы жағынан орындалып, ата-ана тарапынан қолдау тауып көрсетіліп жатса ғана балам неге мұндай болды, деп себепті баланың бір өзінен ғана көруге болады.

   Ал кәріс телехикаясынан қандай үлгі алуға болады.Менің ойымша, олардан көптеген үлгі алуға болады. Себебі, олардың салт-дәстүрлері, мәдениеті біздің қазақ халқына ұқсас келеді. Мәселен, қазақ халқындғыдай оларда жерге отырып шәй ішу, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды көріністер орын алады. Сонымен қатар құдаша, құда сынды сөздерімен бір-біріне деген ізігі-ниет, шексіз ықылыстарын білдіреді. Осындай көріністері арқылы Қытай өзіндік мәдениеті мен дәстүрін ерекше насихаттайды. Осыны ойлай келе неге біздің де қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрге қатысты көп сериалы кино түсірмеске деп ойлап қаламын. Алайда «жақсыдан үйрен, жаманнна жирен» демекші, Қытай, Кәріс киносында бір ғана кемшілік бар. Ол әкесі мен баласы, болмаса, қызы мен анасы бірге отырып ащы су ішетін жері маған мүлде ұнамайды. Себебі, қазақ халқында баласы ішпек түгілі үлкендердің де ішуіне тыйым салынған. Бұл біздің әлімсақтан мұсылман екендігіміздің айқын дәлелі болса керек. Осындай қарапайым дүниеден бастау алатын эпизодтар арқылы үлкен дүниелерді көрсетуге болады. Себебі, қазақ халқында кино жоқ емес, аллаға шүкір бар, алайда сериалмен түсірілетін кинолар әлі де тапшы. Сондықтан түрікпен кәрістің сериалдарын сатып ала бермей кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық дүниелерді көрсек жақсы болар еді.

    Менің ойымдағы кино жалпы қазақ халқының жағдайынан бүкіл болмысынан хабар беріп тұрса болғаны. Өйткені, кино өмірден алынады. Мәселен, Ермек Тұрсыновтың «Келін» атты фильмі біздің қазақ халқының болмысына мүлде жат. Тіптен дыбыссыз кино болса да, мұндай надандықты ешкім көрген емес. Қазақ халқы қызды қырық үйден тыйып ұстаған. Жалаңаш кейіпте көрсету түгілі оның тырнағына дейін қылтанақ жуытпаған. Қазақ киносын түсірмес бұрын оның тарихына терең үңілмеген секілді Өрмек Тұрсынов. Ермек емес, өлермен өрмек, Тұрсын емес, Құрсын болса керек еді тегі. Сонда Өрмек Құрсын атына заты сай болар ма еді. Мен мұны қатты ішім ашығандықтан осылай атаймын. Мұны кино деп емес, қазақтың қасиетті қасықтып жинаған қазынасын шелектеп төгу деуге келер. Әйтпесе, кино деп атаудың өзі бір жиіркенішті. Басын бастап көргеннен-ақ әрі қарай қарауға, тіптен айтарға сөзім жоқ. Егер де осы жағдайда қазақтың ұл-қыздары аспаннан айға барып, үй салып беремін десе де, ұлттық ар-намысты таптайтын жиіркенішті эпизодтары болса, мүлдем киноға түспеген абзал. Осыған бір мысал келтіре кетейін: әртіс әрі әнші-сазгер Нұржан Әлімжан «береке» журналының «риясыз әңгіме» атты айдарда  - киноға түсуден бас тартқан кезіңіз болды ма? деген сұраққа өзінің берген сұхбатында былай дейді:

-          Бірде мені бір фильмге басты рөлге шақырды. Әуелі келістім. Сценарийді оқып көрсем, фильмде қазақты әбден масқаралайтын оқиғалар өріп жүр. Әлгі оқиғаның мақсаты-қазақты бейшара етіп көрсету. Өз пікірімді ашық айтып, әлгі фильмнің режиссерлерімен сөзге келісіп қалған жайым бар. Киноға да талғаммен түсу керек.Кейде арзан атақ пен ақша үшін қазақтың қыздары жартылай жалаңаш күйінде орыс және өзге де шетелдік киноға түсіп жатады. Соған қатты қынжыламын». Дейді актер. Осындай алдыңғы толқын ағалардан үлгі алар ұл-қыздырымыз көп болса, біз нағыз қазақы болмысымызға ешкімде қол сұға алмайды.

Мәселен,  бұрынғы түсірілген табысты кинолардың бірі:

      «Алпамыс мектепке барады» фильмін алып қарастыратын болсақ, онда Алпамыстың тапқырылығы, білімділігі мен қоса достарына да көмектесетін қамқор қасиеті баяндалады.

 Небары 6 жаста болса да алғырлығымен мектеп жұртшылығының назарына тез ілігеді. Оқуға деген ынтасы арқылы өзге балаларға үлгі боларлық керемет туынды деп айтуға болады. Өзінің өзгелерден ерекшілігін танытып, ол ақырында мектепке қабылданады.

      Мәселен, «Алты жасар Алпамыс» фильмінің режиссері: Абдолла Қарсақбаев. Канн фестивальдеріненде жүлделі орындар,үздік режиссер атанып, атағын 2 жыл кешігіп естігенде;" Өз халқымды әлемдегі ең үздік халық деп есептеймін, үздік халықтың ұл қыздары үздік шығармалар туындатпауы мүмкін емес. Көп болса мен де соның бірі шығармын. Қазағым аман болсын" деп айтқан екен.

    Осындай фильмдер арқылы бұрынғы болса да, баянды әрі бағы зор, қанша уақыт өтсе де өз құндылығын жоғалтпаған жоғары туынды екенін байқау қиын емес.

    Ал қазіргі кезде түсірілген «балалық шағымының аспаны» атты фильмде өзінің көрермендерін тапқан фильм. Ол елбасымыз Н.Н.Әбішұлының балалық шағынан алынған керемет естеліктер болатын.

    Нағыз өткен күннің көріністерін бүгінгі күнмен байланыстыра суреттейді. Мәселен, 6 жасар  Сұлтанның таң атпастан 6-лар шамасында анасы оятып алып, мектепке дейін бару үшін омбы қарды кешіп өтіп, таудан төмен қарай жүріп, аттылы кетіп бара жатқан адамның артына ілесіп жетеді. Бүгінгі күні ата-анасы бір жерге жұмсаса ерініп шыға келетін жастарға үлкен өнеге, таптырмас ғибрат. Бір жағынан басшы деген бір ауыз сөзге лайықты екенін балалық шағының бұлтартпас таза да ақ күйінен аңғару қиын емес. Бұл фильмде қазақы салт-дәстүрлердің барынша қамтуға тырысқан. Өйткені, әжесінің бесікке салар кездегі «40 күнге дейін ешкімнің көруіне болмайды, әйтпесе көз тиеді», «мылтықты үйде ұстама, жақсылық емес» т.б. сынды ырым-тыйымдар арқылы қазақ халқының жайынан хабардар береді. Сонымен қатар қазақ халқының тағы бір керемет қасиеті ол олардың қонақжайлылығы. Өзінде болмаса да, өзгеге бөлісіп, астындағы атын алыстан қонақ келсе түсіп берген, дархандығы кең даланың жайлауындай, көңілі ақ халқымыз әлемде осы қазақ халқы болса керек-ті. Фильмде осы эпизод ереше түсірілген. Ұлты өзге болса да, жат халық деп жатырқамастан Сұлтанның анасы мен әкесі төріне алып, келген қонақтарға ас-суын беріп, біраз күнге үйлеріне қонақ етіп күтеді. Содан кейінгі тағы бір ерекшелік: Сұлтанның әжесі о дүниеге аттанғанда ауыл әжелері бірігіп, оны жоқтауы. Адам-өлеңмен өмірге келеді, өлең боп өмірден өтеді. Мұндағы басты ерекшелік осында. Қазақтың қазаға ұшырағанда айтылатын дәстүрі-жоқтауды көрсете білген. Басында түсінбей, кейін түсінгенімнің бір себебі, немересі Сұлтанның әжесінің ұршығын ұстап тұрған эпизодты көріп, ондағы адамдардың не үшін жылағанын ұғындым.

      Қазақта ата-ананың сөзінен асып, ешкімде ешқайда бармаған. Осыны дәлелдеген Сұлтан ер жетіп, оқуға түскен кезде де ата-анасының, ауыл адамдарының сөзін тыңдап, өз отбасына қамқор болып қалады.

    Фильмнің басты ерекшелігі: режиссердің шеберлігі, актерлердің мықтылығы, эпизодтардың тартымды шығуымен басты назарға алынады деп есептеймін. Келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай, ауыз толтырып айтарлықтай фильм деуге әбден болады. Талантты жастардың танымын ашып, жалпы қазақы болмыстың тереңіне үңілуге насихат болары сөзсіз.Тағы бір айта кетерлік жайт,  кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың ұлы: белгілі Тоқтар Қарсақбаев Жұлдыздар отбасының №121 санында сұхбатында былай дейді:

   Әкесінің досы Кененбай Қожабековтің кеңесі:

   «Актерлік, режиссерлік -қиын мамандық. Сен оған неге келгің келіп жүр?» Әкең сондай болған соң соған барайын дедің бе? деп қайыра сұрғанда да, «мен осы мамандықты қалаймын» деп жауап береді. Ол кісі сонда ғана: «Кинорежиссерлікті жаныңмен қалаған екенсің, ендеше жолың болсын!»деп ақ батасын берген екен. Осылайша ағасының ақ батасының арқасында жолы ашылғанын айтады.

     «Бұл ауыр жол. Жағымпазданып жақсы өмір сүруің, соның арқасында бәріне қол жеткізуің мүмкін. Бірақ одан сенің арың таза болмайды. Бұлай өзгеге арыңды таптатып, жақсы өмір сүргенше, қиын да болса ақиқаттың жолымен жүр. Құдайдың алдында таза боласың!» Сонымен қатар оның айрықша қасиетін былайша жеткізеді:

    «Мен ол кісіден актерлік шеберлікті ала білдім: камераның алдында өзін қалыпты ұстайтын, шетелдің актерлері секілді қол-аяғын жөнсіз ербеңдетпейтін.Жүрегіндегі толғанысын көзімен көрсететін. Қандай рөл болсын көзімен, отты жанарымен жайпап тастайтын. Жұрттың бәрі маған «қазақ киносында каскадерлікті бастаған сіз» деп жатады. Олай емес. Қазақтың тұңғыш каскадер актер-Кененбай аға».

   Өнер жолы-өте ауыр жол. Ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп қалмауы тиіс. Өткен мен бүгінгі күннің басты айырмашылықтары осылар деп білемін. Өнер табалдырығын аттаған әрбір жанның танымы терең, табиғаты сұлу, жасынан жамандықты білмей өскені абзал. Сонда ғана ол сомдаған әрбір рөлдің орны өзі үшін де, халқы үшін де мағыналы әрі сапалы болмақ. Ол үшін актер болғым келеді деген ұлдарымыз  бен актриса болғым келеді деген қыздарымыз қазақы қанына сіңген қасиетімен өзгелерге үлгі бола білуі тиіс.

      Өзіме ұнаған кинолардың басты тізімдерін атап өтсем деймін. Оларға: «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс», «Тақиялы періште» т.б. фильмдері, сонымен қатар бүгінгі күннің фильмдеріне «Менің балалық шағымның аспаны», «Ұлылардың ұрпағы», «Қазақтың Бауыржаны» т.б. фильмдерін атап өтуге болады

    Негізі адамзат баласында 1пайыз ғана талант болады. Қалған 99пайызы еңбекпен келетін дүниелер. Сондықтан қазіргі кезде жастарға көп еңбек қажет. Бір екі фильмнен кейін жұлдыз ауруына шалдығып қалатындар да жоқ емес. Екінші кезекте актерлерді оқытып, тәрбиелейтін мамандар жеткіліксіз. Білікті маман, білімді басшы қай салада болмасын қажет. Әсіресе, бізде кешеуілдеп жатқан дүние ол кино саласындағы маман даярлайтын кадрлар орталығы. Бізде көп жағдайда жастардың көбісі шетелден білім алып сол жақта қалып қоятыны жүрек қынжылтады. Қазақтың саны онсыз да аз кезде жат елдің кәсібін істеп, ұрпағын жалғастыру ұлтымызға ұрпағымызға ұят нәрсе. Осы күнде осыны ойлап жатқан біреу ма? Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, артымызды ойлап ешкім бас ауыртпайды. Өзге елге барсын, білімін жетілдірсін, алайда ол жақта қалудың қажеті шамалы. Қазақы қасиетімізді жоғалтпау қанға сіңген әдетіміз болуы керек. Қытай елі біз сияқты бастарынан қанша тауқымет тартса да,өзгенің есігін сығалап, алақанын ешкімге жайған емес. Олар өздерінің мықтылығын дәлелдеу үшін дәрменді, қайратты болған. Өзге де кеткен кегін қалайда алуға бекінген. Сол үшін мықты болған.

   Кино дегеніміз сенің тілің, кино-болмыс-бітімің, кино- сенің дінің, кино-өткен тарихың, кино-сенің ұлтың, кино-өткенің, кино-бүгінің, кино-болашағың! Қысқасын айтқанда кино арқылы кішкентай дүниені де, үлкен дүниені де түсіруге болады. Бүкіл бір елдің тарихын баяндау арқылы оның салт-дәстүр, әдебиет, мәдениетін пайымдауға болады. Бұл-үлкен жетістікті іс. Егер жетістікке жету жолында талмай ізденсек, жейтін жемісіміздің де мол болары анық. Сол үшін бақытты болашақ, жарқын келешек, кемелді ұрпаққа ұлағат болар

асыл мұрамызды қадірлей білгенге не жетсін шіркін!

   Біздің де еліміздің өткеніне үңілсек қиыншылықпен қасіретке толы болғанын бәріміз білеміз. Ендеше неге әлі орыстың құрсауында қалмасақ та, соның тілінде сөйлейміз. Айта берсек барлығы бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан да сапалы дүниені түсіру үшін саналы біліммен адамгершілік қасиет, иманжүзді ұрпақ болуымыз абзал. Кейінгі  толқын інілер алдыңғы толқын ағалардан үлгі алатындықтан өзгеге еліктеймін деп, өзімізді жоғалтып алмайық, ағайын!

                            Айжан Тоқшылықова Каналбекқызы