Футбол және Сүйікті Қыздарымыз

Футбол және Сүйікті Қыздарымыз
жеке
блог

Өз басым, футбол десе ішкен асымды жерге қоятын адаммын. Сол себепті өзімнің алғашқы блогымды футбол мен қыздарға арнаймын Smile Блог жазудың әзірше шебері емеспін, бірақтан да өз ойымды қағаз бетіне түсіру дағдымды дамытқым келеді. Сонымен, футбол және қыздар! Бұдан басқа не керек?? ))

 

Соңғы кездері футболға қызығатын қазақ қыздар саны жылдам өсіп келе жатыр. Бұл құбылыс жақсы ма әлде жаман ба, оған әркімнің өз ой пікірі бар. Мен сіздермен, құрметті оқырман, өз ойыммен бөліскім келеді, және де сіздердің ой пікірлеріңізді білсем деймін.

Жігіттер, өздеріміз байқағандай, қазір нәзік жанды аруларымыз футболға көбінесе өтіріктен қызығады. Қыз үшін футбол көру өзінше бір мейнстрим сияқты. Байқағаным бойынша қыздарымыз біздің көңілімізді өздеріне аудару үшін осындай қулыққа барады екен)) Әлде "красавчик Роналду" үшін футбол қарайсыздар ма??)) 

Қазақстан футболы көз алдымызда дамып жатыр. Стадиондарға ойын тамашалау үшін келетін адам саны да кобейіп келеді. Сонымен қатар Стадионға келетін арулар саны одан да бетер жылдам өсуде. Шынымен де  сонда футбол көрген ұнайды ма, әлде жігіттері қинап әкеледі ме, әйтеуір өзінше бір "Жанкүйерлер")) Елімізде бұл спорт дамып келе жатқаны үшін бүгінгі таңда әрбір екінші жігіт футбол ауруына шалдыққан. Осыған орай, қыздарымыз қалсын ба бізден?? Әрине, олар да "в теме" болғысы келеді. Бәлкім бізді футболға қызғанатын да шығар?? Не ойлайсыз халайық? Әсіресе сұлуларымыз не ойлайды екен??  

 

P.S: Қазақша блог жазудағы ең қиыны кириллицамен және қазақша әріптермен мәтінді теру екен. Кішкене блогты 1 сағат 32 минут жаздым)))

 

P.P.S: We'll keep the Red flag flying high,
Cuz Man United will never die!!!