Әскерге шақыру хаты келді.

Әскерге шақыру хаты келді.
жеке
блог

 Әскерге шақыру хаты келді десе бұрындары қуанатын азаматтарымыз, қазірде мұңайатын халге жетті. Бұның себебі неде?

 Жауап іздеп, әбігер болудың қажеті де жоқ.  Өткен ғасырымыздағы ағаларымыз ауылда  пәленше әскерге бармапты десе, сол сөздің өзі сүйектен өтетұғын оларға. Ал қазіргі жағдай, әскерге барып келіпті деген сөздің өзі  азаматтарымызға күлкі көрінеді.

Отанымыздың мақтаныштарының бірі-сарбаздарымыз. Күн шапағы атқаннан бастап, түнгі уақыт, тіптен тәулік бойы көз ілмейтін шекарашы сарбаздарымыздың, Отанға деген ыстық махаббатын байқағандай боламыз. Алайда "Бес саусақ бірдей емес"- деген халық нақылына сүйенер болсақ, шекара тұрмақ Отан алдындағы борышын бір-екі жыл өміріміз босқа кетеді. Әскерде әркімнің жұдырығының астында қаламыз деп ойлайды. "Шегірткеден қорыққан егін екпес"- дегендей әскерге бармай жатып, Алла сақтасын елімізге алда-жалда қатер төнсе, Отанымызды алғашқы қарсылануынсыз-ақ жау қолына бермесіне кім кепіл. Ендеше сұрақ сізге: Әскерге шақыру хаты келді.Сіздің таңдауыңыз?