Суреттер не дейді?

Суреттер не дейді?
жеке
блог

Жаңа жұмысым суреттер галереясына жақын жерде. Керемет кескіндемелерді көріп жүрмін. Бұрындары суреттерге қарап, түк түсінік бермейді деп ойлайтынмын. Кейіннен, суреттерден көп нәрсе ұға бастадым. Суретшінің  көңіл-күйін, ішкі ойын, әлемді қалай қабылдайтынын, не айтқысы келгенін түсінуге көштім. Кейде суреттерге қарап мұңайсам кейбірінен қуаныш алып басқа бір әлемге бет алғандай боламын. Тіпті мың түрлі сұрақтар да жинап шығатын кездерім жиі кездесіп жүр. Суретшінің бір суретінің өзінде бір әлем жатқандай күй кешемін. Өзіндік сезім, өзіндік ой- сана, өзіндік тұжырым, өзіндік қуаныш пен өкпе- наз...

Жалпы айтпағым, бұл емес кеше алып келген суреттер жайлы еді... 

Сонымен, мен күнделікті суреттерін тамашалап жүрген галерея- "Ұлар" арт агенствосы. Суретшілер одағында орналасқан. Жақын күнде ашылуы болатын көрмеден ұрланып түсірілген суреттер :):

Авторы: Нүрекеев Рәшид. Сұрақтары көп сияқты ма? әлде жәй күнделікті өзі жалыққан көз қарас пен сұрақтарды бергісі келді ма екен? Өзін көріп жатсам міндетті түрде сұрармын. 

 


Мынау енді жауап болса керек: