Жарайсың, Массагет!

Жарайсың, Массагет!
жеке
блог
Сәлем достар! Ар ма Алаш баласы! Бұл сайтқа көптен бері қатынаса алмадым. Жұмыс дейміз, тіршілік дейміз... әйтеуір күйбең тірлікпен аса көп бос уақыт та бола бермейді. Әлқисса, мәртебелі Массагетті жеңісімен құттықтаймын! Қазақ елінде тұңғыш рет өткізіліп отырған додада бәйгенің алдын бермей, жүлдегер атанды. Бұл бүкіл шығармашылық ұжымның тікелей еңбегі, маңдай тері. Сондықтан да редакция мүшелерін де құттықтаймын. Әрқашан жеңістеріңіз көбейе берсін. Қазақ елінің мақтаулы ұжымдары бола беріңіздер. Және осы ғажап сайттың барлық қолданушылары һәм оқырмандары да шеттеп қалмақ емес. "Адамды адам еткен - еңбек" демекші, Массагеттің бүгінгі жетістігіне барынша үлес қосқандар да - осылар. Баршаңыздың жеңістеріңіз құтты болсын! Мәртебең биіктей берсін, Массагет!!!