Жүректің жаназасы...

Жүректің жаназасы...
жеке
блог

                          Жүректің жаназасы....

    Сәлеметсің бе, ақ қағаз! Саған тек қана көз-жасымды көл қылып оралатындығым үшін айыптай көрме.

    Даланы тұмшалаған әлде бір мұң тысқа мені еріксіз тартып тұрғандай. Жанарымда жас, көңілдегі қаяу мұңға жұбаныш болар не нәрсе?!  Қуыстай кеудедегі жұдырықтай бұл дүние не деп тіл қатуда түсіне алар мен емес. Жапырақтай қағаз бетіндегі  у себілген сенің әсем сөздерің түнгі ұйқым тұрмақ, күлкімді де бірге ұрлады. Ұрысың деп айыптар ма ем?!  Гаухарға толы сандықтың кілтін өз қолыммен берген мына  мен, мына  мені темір торға қамар болар. Күннің шуағы түгілі, жан адамның үні естілмес зынданға тастаса да қарсылық көрсетер ойым жоқ.

Сенің күлкіңе ғашық болып, мысқылыңа өртендім. Сүйенген арқамның шірік екенін білгенімде тау мен тасты кезер ме, кім білген?!

  Соңғы көз-түйіс… Мағынасыздықты мекен еткен жанарың  «РЕНЖІМЕШІ»  деп тіл қатқандай. Қарағым-ау несіне ренжимін.?! Мендегі жүрекпен жүрегің өмір сүре алмағаны үшін бе, жылағанда жұбатар жанның жоқ болғаны үшін бе, әлде жалғыздықтың шәлісін сыйға тартқаның үшін бе?! Неге ренжимін? Кімге ренжимін?

 Не де болса өтіріктің балын жалап ит қорлықпен күнелткеннен, шындықтың  уын ішкенді жөн көрдім.

Мен едім ғой жаңбырлы күyге қолшатырсыз шыққан, өзіммін ғой теңіз алаңына қайығымды ескексіз айдаған. Сол себептен көлгірсіген өтірік көңілдің көйлегін киіп не пайда?! Соңғы смс-де:"Кеш бәрін" депсің. Кешірместей не істеп ең? Бақша ішінде өзге бұрымдымен қол ұстасқаның ба?Әлде... Әлде... Ар алдындағы кінәңді айтамысың??  Оны қияметтің қыл көпіріне тастағанмын.

  Уақыт емші...

  Сені ойлай алар емеспін. Өйткені, ЖҮРЕКТІҢ ЖАНАЗАСЫ екі мәрте шықпайды ғой......