Ұмытылған туындылар

Ұмытылған туындылар
жеке
блог

Оқушы кезімде аудандық балалар кітапханасының тұрақты оқырманы болдым.

Белгілі шығармалардан гөрі аса танымал емес дүниелерді көп оқыппын. Әсіресе, алыс-жақын шетел жазушыларының шығармаларын.

Кеше бала кезде оқыған сол көркем туындыларды еске түсіруге талпындым. Әттең, кейбіреулерінің аты мен авторын сол күйі ұмытып қалғанмын...

Мысалы, мыналар:

1)    Зейнолла Қабдоловтың ба, Зейнолла Шүкіровтің бе, әлде басқа бір жазушының шығармасы ма.... Соғыс кезі. Қызылорда өңірі. Құмды ауылда енесімен бірге бір келін тұрады. Шығарма «Тамшы!» деп басталады. Босаға аттағанына көп болмаған келіншектің ері соғысқа кетіп қалып, байғұс жан азабын бастан кешеді. Сондай күндердің бірінде шөлейтте кездескен ер адам әйелге нағыз бақыт сыйлайды! Біреуге ойнас болып көрінуі мүмкін, бірақ әйел үшін бақыт еді!

 

2)    Түрікмен жазушысының шығармасы. Жазушы – әйел адам. Апалы-сіңлілі екі қыз тылдағы бейнетті бастан өткереді. Тылдағы еңбек соғыстағы шайқастан да ауыр еді. Бұғанасы қатпаған екі қыз Ұлы Жеңісті тілей жүріп, аналарына көмектесумен күн кешеді. Мынадай тұсы есімде: «Жұрт анамды біз үшін әке орнына әке болды деп жатады. Бірақ анам әкемдей қайдан болсын. Әкемнің орны үңірейген күйі қала береді...»

Осы шығармаларды оқыған адам болса, ой бөлісуін, еске салуын өтінемін.