Студенттен-студентке №3

Студенттен-студентке №3
жеке
блог

  Мақпалжан кезекті маған бергеніңе рахмет.

Шынымды айтсам мен тек 2 жыл "таза" студент болыппын. Содан кейін бір жағдайларға байланысты сырттай оқуға мәжбүр болдым. Сонда да кезексөздің кезегін бұзбай кеңес  берейін. Ал кеттік олай болса, студент құлағыңды түре, қалам блокнотыңды дайындай отырSmile.

1. Студент атанған соң ең бірінші парызың-оқы, оқы және оқы.

 ЖОО-на келген мақсатың да сол емес пе. Саған мүмкіншілік беріп тұрғанда бар күш-жігеріңді оқуға сал. Жан-жақты бол, білуге талпын. Қазір теория жағынан жақсы қарулансаң, ертең мамандығыңа барғанда "практикалық шокқа" жол бермейсің. Әрине, жұмысқа бірте- бірте қалыптасасың, сонда да егер ойың ұшқыр, дүниетанымың кең болса, бірден білікті маман боласың. Ал білікті маман сәйкесінше жүрген жерінде құрметті, сыйлы болары сөзсіз.

 

2.Түрлі іс-шараларға, мерекелерге, конкурстарға қатысуға талпын.

 Университеттегі мереке- өмірлік естелік. Ештеңеден шет қалма. Осындай шаралар  дос табуға, командамен жұмыс істеуге, өз бойыңдағы ұяңдықты, ұялшақтықты жеңуге жақсы әсерін тигізеді. Мүмкін бағың жанып, конкурстардан, қойылымдардан  "жұлдыз" болып жарқырап шығарсың. Ертең қартайғанда сені ешкім  "КВН, концерттерге қатыс, спорттық жарыстарға" деп шақырып жатпайтын шығар.Сондықтан алға!!!

 

3. Керегіңді кітаптан алуға дағдылан.

Қазіргі таңда интернеттен не керек бәрін алуға болады. Бірақ оңайды олжаланба. Оңай келген дүние оңай кетеді ғой.  Курстық жұмыстарды,рефераттар мен СӨЖ ді кітаптан ал, газет-журналды ақтар, ғылыми жобалардан ізде.Кітапханаға біраз уақытыңды арна. Тіптен болмай бара жатса, интернеттен алып сол күйде (копировать-вставить) емес, реттеп, жобалап, 100 қайтара оқып, миыңа құйып ал. Сол кезде анасы берген тиынды отқа тастағанда, былқ етпей отыра беретін бала құсап отыра бермейсің. Еңбегіңнің өңбегі үшін тырысатын боласың.

 

4.Жастықтың есесін жіберме

Күл, ойна, жалында, жарқыра, спортпен шұғылдан, ән сал, биле. Жассың, денің сау, ерінбе, киноға, театрға мүмкіндігінше көп бар.Шақырған жерден қалма (әрине жақсы орталарға) шақырмаған жерге барма (әсіресе кешкі тамақтың кезінде жатақханадағы көрші бөлмегеLaughing)Ееееең бастысы суретке, видеоға көп түс. Өмірлік естелік болады. Достарыңды, ұстаздарыңды, группаластарыңды, қыдырған жерлеріңді, бәрін бәрін түсіріп  қысқа метражды фильм сияқты видео жаса. Бала-шағаңа кейін жалындаған жастығыңды көрсету үшін.

5. Ауылға барғанда...

Ең әуелі барған күні ет астырып, бешбармақтан рахаттанып тойып ал. Ролтоннан мезі болған шығарсың. Ауылыңды армансыз аралап, таза ауасын өкпеңе толтырып ал, түтінге тұншыққан боларсың. Ата-анаңа  әбден еркелеп ал, қаланы жатырқап, жатсынатын шығарсың.

Ең басты саған студент атануға мүмкіндік жасаған ата-анаңа рахметіңді айтуды ұмытпа, студент.

 

Кезексөздің кезегін Абылайхан Есімбайға жалғадым